---
title: "«Ұлы дала дүбірі». Сақ тайпалары"
description: "Бүгін 17:00-де Ұлттық арнадан көріңіз. Б.з.д. I мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген кө..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-07-24T07:37:58+00:00"
modified: "2015-07-24T07:37:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ly-dala-d-biri-sa-taypalary-524560"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ly-dala-d-biri-sa-taypalary-524560/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ұлы дала дүбірі». Сақ тайпалары

> Бүгін 17:00-де Ұлттық арнадан көріңіз. Б.з.д. I мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген кө...

Бүгін 17:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

![«Ұлы дала дүбірі». Сақ тайпалары](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/1q5n9kRZ17n4UghN7bxuzlf0J3JYR9.jpg)

Б.з.д. I мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар «сақ» этнонимі арқылы белгілі. Жазба деректер олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аудандарын қоныстануы және олардың 3 топқа бөлінгендігі туралы хабарлайды. Яғни, сақтар тиграхаудтар (шошақ бөріктілер), сақтар-хаомоваргалар (хаома сусын дайындайтындар), сақтар-парадарайлар (теңіздің арғы бетіндегілер). Сонымен қатар, оңтүстікте – массагеттер мен даилер, солтүстікте – аргипеилер, шығыста – аримаспылар, орталық аудандарда – исседондар, батыста – савроматтар, оңтүстік-батыста – каспылар өмір сүрді. Бұл тайралардың барлығы жақын этникалық-мәдени бірлестік құрап сақ тайпаларының одағының құрамына кірді. Ал, тарих атасы Геродот сақтарды «азиаттық скифтер», парсылар «құдіретті еркектер», Иран жазбалары «жүйрік атты турлар», деп атаған. Сақ тайпаларының қоғамдық-саяси өмірі қалай өрбіді? Олардың ауыл шаруашылығы, егіншілігі қалай дамыды?

Бүгін 17:00-де «Ұлы дала дүбірі» деректі фильмінен көріңіз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ly-dala-d-biri-sa-taypalary-524560](https://yvision.kz/kk/post/ly-dala-d-biri-sa-taypalary-524560)