---
title: "Луис Энрике «Барселонаның» бас бапкері болуы мүмкін"
description: "АСТАНА. 21 шiлде 2013, 15:00. BNews.kz Испандық маман Луис Энрике «Барселонаның» бас бапкері қызм..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-07-21T23:21:57+00:00"
modified: "2013-07-21T23:21:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/luis-enrike-barselonany-bas-bapkeri-boluy-m-mkin-364500"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/luis-enrike-barselonany-bas-bapkeri-boluy-m-mkin-364500/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Луис Энрике «Барселонаның» бас бапкері болуы мүмкін

> АСТАНА. 21 шiлде 2013, 15:00. BNews.kz Испандық маман Луис Энрике «Барселонаның» бас бапкері қызм...

![Луис Энрике «Барселонаның» бас бапкері болуы мүмкін](http://bnews.kz/picture/380/news/e88e3544d169c0986f4b95d9b8cacc8f.jpg)

[АСТАНА](http://bnews.kz/kk/news/region/55/). 21 шiлде 2013, 15:00. BNews.kz

Испандық маман Луис Энрике «Барселонаның» бас бапкері қызметіне басты кандидат атанып отыр, деп хабарлайды Sport.es.

2013 жылдың маусымында испандық «Сельтаға» басшылық етуге келген 43-жастағы Энрике клубпен екі жылға келісімшарт жасасқан еді. Енді каталондықтар Энрикені шақырту үшін «Сельтаға» үш миллион еуро көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.

Атап өту керек, 2008-2011 жылдары Энрике «Барселона» жастар командасына, кейіннен италияндық «Ромаға» басшылық жасады.

Сонымен қатар, бұл орынға үміткерлер қатарында Андре Виллаш-Боаш («Тоттенхэм»), Микаэль Лаудруп («Суонси»), Роналд Куман («Фейеноорд») және Эрнесто Вальверде («Атлетик») бар.

Естеріңізге салайық, «Барселонаның» бұрынғы бас жаттықтырушысы 44-жастағы Тито Виланова денсаулығының нашарлауына байланысты қызметінен кеткен болатын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/luis-enrike-barselonany-bas-bapkeri-boluy-m-mkin-364500](https://yvision.kz/kk/post/luis-enrike-barselonany-bas-bapkeri-boluy-m-mkin-364500)