---
title: "Ұлу деп жүргеніміз айдаһар ма?"
description: "Қазір «2024 ұлу жылы ма, айдаһар жылы ма?» деген сауал төңірегінде шамалы түсінбестік туындап отыр...."
author: "jan.123"
published: "2024-01-02T08:13:52+00:00"
modified: "2024-01-02T08:13:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lu-dep-zh-rgenimiz-ayda-ar-ma-999451"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lu-dep-zh-rgenimiz-ayda-ar-ma-999451/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлу деп жүргеніміз айдаһар ма?

> Қазір «2024 ұлу жылы ма, айдаһар жылы ма?» деген сауал төңірегінде шамалы түсінбестік туындап отыр....

Қазір «2024 ұлу жылы ма, айдаһар жылы ма?» деген сауал төңірегінде шамалы түсінбестік туындап отыр. Бұл жерде ұлу қазақтыкі, айдаһар қытайдыкі деп кесіп айта салуға да болар еді. Бірақ басқа да деректердің ұшы қылтиып тұр.

![Ұлу деп жүргеніміз айдаһар ма?](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/620be7d22d60983619bd54f28fcd57.jpg)

Шымкенттік танымал тарихшы мұғалім Өмір Шыныбекұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында ( https://www.facebook.com/omir.shynybekuly ) қызықты дерек жариялады. Онда кеңес археологы әрі этнографы Борис Куфтиннің (1892-1953 ж.ж.) «Этнографическое обозрение» журналында (1916 ж., №3-4) жарияланған «Календарь и первобытная астрономия киргиз-казацкого народа» атты еңбегі келтірілген.

Орыс ғалымы бұл еңбегінің қазақтың 12 жыл атауына түсініктеме беретін тұсында ұлу жылын былай деп жазыпты: «луу – дракон».

![Ұлу деп жүргеніміз айдаһар ма?](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/a50a4163646ee3b37804164f00b711.jpg)

Жазбаға пікір қалдырғандардың бірі «луу» моңғол тілінен аударғанда «айдаһар» деген мағына беретінін айтқан. Біз google-аудармашыны қарап, расымен де солай екеніне көз жеткіздік.

![Ұлу деп жүргеніміз айдаһар ма?](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/78c5aa644a4df2f2bf98035f517a04.jpg)

Бұны тарихи дерек деуге болады. Бірақ пікір қалдырғандардың кейбірі оның нақты еместігін айтыпты.

«Түйе мен тышқанды салыстырған. Оған да дерек табылды. Ұлу, меніңше, ешқандай қытайдан да, моңғолдан да келмеген. Қазақ солай бір жыл атауын ұлуға берген. Жақтырмағандар өздері білер, биыл Ұлу жылы. Орыс тарихшылары ойдан небір тарих құрастыра салады. Барлық жыл атаулары қазақша болып, ұлуды қытайдан ала қойып па?» – дейді Жанымгүл Камалқызы есімді желі қолданушысы.

Енді біреулердің пікірі ұлу емес, ұлыма жылы дегенге саяды. Яғни олар ұлыманы бөріге меңзеп отыр. Ал бөрі тәңіршілдердің ғана айғағы дейді кейбіреулер.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lu-dep-zh-rgenimiz-ayda-ar-ma-999451](https://yvision.kz/kk/post/lu-dep-zh-rgenimiz-ayda-ar-ma-999451)