---
title: "Ұлттық құрылтайдың құрамы өзгерді"
description: "Ұлттық құрылтайдың құрамына жаңа адамдар енді және бірқатар бұрынғы мүшелер шығарылды. Бұл туралы..."
author: "orazali"
published: "2024-01-19T05:03:48+00:00"
modified: "2024-01-19T05:04:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ltty-ryltaydy-ramy-zgerdi-1000066"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ltty-ryltaydy-ramy-zgerdi-1000066/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлттық құрылтайдың құрамы өзгерді

> Ұлттық құрылтайдың құрамына жаңа адамдар енді және бірқатар бұрынғы мүшелер шығарылды. Бұл туралы...

Ұлттық құрылтайдың құрамына жаңа адамдар енді және бірқатар бұрынғы мүшелер шығарылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

![Ұлттық құрылтайдың құрамы өзгерді](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/3a3c8711105805879204a4de6cffe0.jpg)

​Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Юрий Шин, Қазақстанның Еңбек Ері, Семей қаласындағы № 7 мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов, Zhubanov university басқарма-төрағасы, ректор Лаура Қарабасова, пара жеңіл атлетика бойынша спортшы Айсұлу Сүлейменова, дүнген этносының көшбасшысы Лугмар Буларов, «Азаттық рухы» ақпараттық агенттігінің тележүргізушісі, журналист Кристина Гринько тартылды.​

Бұдан бөлек құрамға бірнеше аймақтан қоғамдық кеңес мүшелері кірді.​

Ұлттық құрылтай құрамынан Б. Әлтеев, А. Толамысов, Г. Қанай, С. Огай, Ж. Дайрабаев, Қ. Майгелдінов, Б. Уәли, А. Тимощенко-Боровикова, С. Сарыбай, Д. Тұрлыханов, А. Лодочников, С. Құранбек, Э. Суларов шығарылды.​

Қазір көктемде өтетін Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Ұлттық құрылтай 2022 жылдың маусым айында құрылған болатын. Сол жылы сенім кеңесі өз жұмысын аяқтап, оның негізгі мүшелері Ұлттық құрылтай құрамына кірді.

«Егер Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіндегі пікірталас тақырыбы ағымдағы әлеуметтік-экономикалық проблемалар, саяси реформалар мәселесі болса, ал Ұлттық құрылтайда талқылау тақырыбы жалпыұлттық құндылықтар негізінде қоғам бірігуінің одан ары дами түсуіне қатысты ұзақмерзімді сипаттағы мәселелер болады», - деп жазды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ltty-ryltaydy-ramy-zgerdi-1000066](https://yvision.kz/kk/post/ltty-ryltaydy-ramy-zgerdi-1000066)