---
title: "«Ұлттық өнім» ұлттық арнада"
description: "Қазақстандағы инновациялық жобалардың аяқ алысы «Ұлттық өнім» бағдарламасының негізгі тақырыбына айн..."
author: "TRK_kaz"
published: "2014-07-27T23:14:00+00:00"
modified: "2014-08-28T05:17:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ltty-nim-ltty-arnada-427252"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ltty-nim-ltty-arnada-427252/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ұлттық өнім» ұлттық арнада

> Қазақстандағы инновациялық жобалардың аяқ алысы «Ұлттық өнім» бағдарламасының негізгі тақырыбына айн...

*Қазақстандағы инновациялық жобалардың аяқ алысы «Ұлттық өнім» бағдарламасының негізгі тақырыбына айналады.*

Елбасының бастамасымен 2010 жылдан бері елімізде «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы жүзеге асуда. Осы аралықта 500-ге жуық жаңа кәсіпорын іске қосылып, жаңа тауар түрлерін өндіруде.

![«Ұлттық өнім» ұлттық арнада](http://storage.yvision.kz/images/user/red13/kR9KlWsaBfeU0dm1RtY9cfZVMoYG96.png)

Іске қосылған кәсіпорындардың барлығы заманауи технологиямен жабдықталған. Сәйкесінше, бәсекеге қабілетті әлемдік стандарттарға сай келетін тауар өндіруде. Аталған бағдарламада осы зауыт, фабрикалардың өндірістік технологиясы кеңінен сөз болады.

**«**Ұлттық өнім» атты ақпараттық-танымдық бағдарламада Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ашылған зауыттар мен жаңа жобалар, инновациялар мен олрады инвестициялау жайлы баяндалады.

Бағдарлама әр сейсенбі күні сағат 17:00-де, ал қайталамасы сәрсенбі күні сағат 12:45-те болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ltty-nim-ltty-arnada-427252](https://yvision.kz/kk/post/ltty-nim-ltty-arnada-427252)