---
title: "Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейік"
description: "Әрбір ұлт өзінің тілімен, дінімен және өз ұлтына тән ерекшеліктерімен мақтанады. Сол секілді біздің ..."
author: "abyroi"
published: "2019-07-24T06:05:13+00:00"
modified: "2019-07-24T06:05:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ltty-ndyly-tarymyzdy-d-ripteyik-836823"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ltty-ndyly-tarymyzdy-d-ripteyik-836823/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейік

> Әрбір ұлт өзінің тілімен, дінімен және өз ұлтына тән ерекшеліктерімен мақтанады. Сол секілді біздің ...

Әрбір ұлт өзінің тілімен, дінімен және өз ұлтына тән ерекшеліктерімен мақтанады. Сол секілді біздің де ұлтымыздың мақтанып, ауыз толтырып айтатындай мақтаныштарымыз көп. Бүгінгі тақырыпта солардың бірі әрі бірегейі ұлттық киімімізге тоқталғым келіп отыр. «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі» демекші, біздің ұлтымыздың киімінің түрлері сан алуан. Және әр киімнің өзіндік тарихы, өзіндік ережесі бар. Тұрмыстық тіршілікке, жыл мезгіліне қарай, жас ерекшеліктеріне қарай бөлініп отырады. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Киген киіміне қарай жас ерекшеліктерін де айыруға болады. Мысалы, ер адамдардың киімін алатын болсақ, жас жігіттерің киімі жинақылау, денеге қонымды, оюлармен өрнектеліп келеді. Ал үлкен қарт кісіліердің киімі кеңдеу, шалбарлары кең, ыңғайлы етіп, оюларын аз немесе көктеп тігіліп әшекейсіз болып келеді. Үрдісімізге еніп кеткен дәстүр бойынша қарттарымыз арнайы жейде, жырым балақты шалбар киген. Жасы келгенде жылы киінетін болғанықтан шапан, бешпеттерінің арасында түйенің жүнін салып сырылып тігілетін болған.

Ал нәзік жандыларға келер болсақ, жас қыздар шашын екі өрім етіп өріп тақия секілі тігілетін бас киім киген. Тұрмыс құрмаған қыздарға кей жерлерде басына кимей жүруге де рұқсат етілген. Бірақ міндетті түрде шашын жинап, өріп жүрген. Белі қымталған, етек-жеңіне желбезек салынған қосетекті көйлек, оқалы камзол киіп беліне күміс не темірмен өрнектелген немесе нәзік жасалған белдіктер таққан. Тақия мен қатар белдік те қыздық дәуреннің белгісі есептелінеді. Қос етекті көйлек тек жас қыздарға тән болған. Ал жас келіншек немесе жасы келген әйел қосетекті көйлек киіп жүрсе ерсі көрінген. Келіншектер басына орамал тағып, көпті көрген әжелелеріміз басына кимешегін киіп әдемі болып жүрген.

Ұлтымыздың әсем әрі әдемі ұлттық киімдердің алуан түрін көргіңіз келсе, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп жүрген Abyroikz.kz компаниясының сайтынан көре аласыздар. Елімізде осы бағытта жұмыс жасап жүрген бірнеше компаниялар бар. Бірақ, жаңағы жоғарыда айтып кеткен ерекшеліктерді осы компанияның өнімдерінен көре аламыз. Ерекешеліктері мен айырмашылықтары айқын көрінген.

Авторы: Байзақова А.Б.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ltty-ndyly-tarymyzdy-d-ripteyik-836823](https://yvision.kz/kk/post/ltty-ndyly-tarymyzdy-d-ripteyik-836823)