---
title: "Ұлттық бірыңғай тестілеу жұмысына қол сұғылған"
description: "Қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлімінде және 208-бабы 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған Қазақстан азаматтары «С», «Ж» және «Н-"
author: "jan.123"
published: "2024-02-16T04:54:43+00:00"
modified: "2024-02-16T04:54:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ltty-biry-ay-testileu-zh-mysyna-ol-s-yl-an-1001211"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ltty-biry-ay-testileu-zh-mysyna-ol-s-yl-an-1001211/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлттық бірыңғай тестілеу жұмысына қол сұғылған

> Қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлімінде және 208-бабы 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған Қазақстан азаматтары «С», «Ж» және «Н-

*Қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлімінде және 208-бабы 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған Қазақстан азаматтары «С», «Ж» және «Н-ға» қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енді.*

![Ұлттық бірыңғай тестілеу жұмысына қол сұғылған](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/5950415756e697809b8f4a053cb1f5.jpg)

Олардың әрбіреуіне 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді, сондай-ақ ақпараттық технология және телекоммуникация желілері саласында лауазымды қызметке тұру құқықтарынан 3 жыл мерзімге айырылды. Сотталған адамдар 2023 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырғандары тергеумен анықталды. Олардың Ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтар мен магистранттардың білімін бағалаудың өткізілуіне қол сұғулары дәлелденді.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ltty-biry-ay-testileu-zh-mysyna-ol-s-yl-an-1001211](https://yvision.kz/kk/post/ltty-biry-ay-testileu-zh-mysyna-ol-s-yl-an-1001211)