---
title: "Ұлттық Біріңғай Тестілеу"
description: "Жыл сайын мыңдаған түлектер мектеп қабырғасын тастап болашақ мамандықтарын игеруге жоғарғы оқу орынд..."
author: "MaksatShalabay"
published: "2016-08-04T09:24:38+00:00"
modified: "2016-08-07T10:52:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ltty-biri-ay-testileu-705425"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ltty-biri-ay-testileu-705425/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлттық Біріңғай Тестілеу

> Жыл сайын мыңдаған түлектер мектеп қабырғасын тастап болашақ мамандықтарын игеруге жоғарғы оқу орынд...

Жыл сайын мыңдаған түлектер мектеп қабырғасын тастап болашақ

мамандықтарын игеруге жоғарғы оқу орындарына білім мен ілім қуып

барады. Бірақ бұл барлық мектеп бітірушілердің қолынан келе бермейді

себебі оларды іріктеруге салатын ұлттық біріңғай тестілеуден (ҰБТ) өтулері

тиіс. ҰБТ емтиханы міндетті 4 пәнен және сынақтан өтушінің профильдік

пәні бойынша өтеді. Емтихан 125 сұрақтан тұрады және оның 100-і

аттестатқа таза жинақ ретінде есептеледі. Ал қалған 25-і оқушының тілдік

тобына сәйкес аттестат бағасы үшін қолданылады. Яғни қазақ тобында

оқитындарға бұл орыс тілі болса сәйкесінше орыс топтарына қазақ тілі

болады. Қазіргі таңда ҰБТ-ға байланысты пікірталстар орын алуда себебі

білім министрлігі тестілеудің жаңа жобасын ұйымдастыруда. Сонда да бұл

оқушының бұл туралы толғануы керек емес екендігін білдіреді. Өйткені не

болса да оның міндеті 11 жыл бойын жинаған білімін қайталап шығу.

Жаңа оқу жылы басталысымен 11 сынып оқушылары ҰБТ-ға

дайындықтарын бастайды. Шыны керек, дайындықтың алды көшіруге

арналған материал іздеумен басталады. Өмірінде маңызды емес

емтихадардан өтіп, кейбірінде мұғалімнің көмегімен өткен емтихандардың

қасында ҰБТ жете алмас белестей көрінері анық. Әрине, жүзден жүйрік,

қатарының алды болған оқушыларды ұмытпау керек. Олар әрқашан да

қиындыққа дайын келеді. Оқушылар емтихандарға дайындық кезінде

алғашқыда әдістемелік тестілеулерден жоғары нәтиже көрсете алмаса да

жасаған қателіктеріне қарап білімін шыңдатып отырады. Өмірінде көрмеген

сұрақтары болған жағдайлар да аз емес. Уақыт өте келе оқушылар жоғары

нәтиже көрсете бастағанда оларға қиындық туғызатын тақырыптармен

жұмыстарын қолға алады. Әрине, бұл оқушының шыдамы мен

еңбекқорлығына тікелей қатісті.

Тестілеуге дайындалуға әркімнің өз ыңғайы болады. Кейбіреулер жай

ғана тест сұрақтарын жаттаумен болса ал біреулері әр оқыған мәліметті

жазумен болып уақыт жетіспеушілігі пайда болады. Ондай адамдарды жеке

топ ретінд алсақ та болады. Себебі, олар кезінде мүмкіндік барда кітап бетін

ашпағандар мен мектеп програмаларына немқұрайлы қарағандардан тұрады.

Соңғы жыл келгенде болашағын ойлап кезінде неге білім алуды дұрыстап

қолға алмадым деп мың толғанатындар да осылар. Ал өзгелері қосымша

дәріс алып дайындалғанды жөн көреді. Оқушылардың бұл тобы мектеп

мұғалімінің дәрістерін түсінбегеннен немесе қабілете озат оқушыларға

қарағанда төмен болғандықтан мұндай қызметтерге жүгінуге мәжбүр болады.

Ата-анасына ерекше сенім артқандар да қосымша дәрістерге ермек қылып

баратындығын да айта кеткен жөн. Өзіне деген сенімі барлар өздік

жұмыстарымен айналысады. Себебі олар мектеп программасын жетік

меңгерген қатарының алғырлары болады. Оларға қосымша сабақтың қажет

жоқ өйткені олардың арасында мұғалімнің қатесін тауып дұрыстап

тұратындар да болады. Бұл оқушылар жаңа тақырыпты меңгеріп оған

қатысты жаттығулармен жұмыс жасағанды жөн көреді. Жоғарыда аталып

кеткендердің ең тиімдісі ол соңғы тіркелген әдіс болып табылады. Мен

химия пәнінен ҰБТ-ға дайындықтың ең ыңғайлы түрі деп осыны санаймын.

Бұлай ойлауымның да бірнеше себептері бар.

Менің жинаған тәжірибеме сай, оқушыларға жоспар бойынша сабақтар

өтіліп оған қатысты есеп материалдары берілген жөн. Сол арқылы, оқушы

жинаған білімін жаттығу жасау арқылы шыңдап отырады. Егер есеп өте қиын

болса оқушы мұғалімнің көмегіне жүгіне алады. Аптасына бір рет

әдістемелік жұмысымен айналысудың пайдасы мол. Себебі ол оқушыға осал

тұстарын көрсетумен қатар мұғалімнің оған қарап дағдылануына септігін

тигізеді. Қателіктермен жұмыс жасай келе оқушы емтихан талаптарына сай

тақырыптарды толықтай меңгереді және де бұл әдіс оқушыға жай ғана есеп

шығару емес келешекте сыни сараптама жасауды үйретеді. Өйткені оқушы

қатемен жұмыс жасау арқылы ненің дұрыс не бұрыс екенін анықтудың

жолдарын үйрене алады.

Қорыта келе, оқушылардың өзіндік жұмысында өте көп жаттығу мен

қатемен жұмыс жасау әдісі өте тиімді екеніне көз жеткізуге болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ltty-biri-ay-testileu-705425](https://yvision.kz/kk/post/ltty-biri-ay-testileu-705425)