---
title: "Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның білім деңгейімен анықталады..."
description: "2016 жылдың 20 сәуірінде А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан Республикасы..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-04-20T04:12:57+00:00"
modified: "2016-04-20T04:12:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ltty-b-sekege-abilettiligi-e-aldymen-ony-bilim-de-geyimen-any-talady-689960"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ltty-b-sekege-abilettiligi-e-aldymen-ony-bilim-de-geyimen-any-talady-689960/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның білім деңгейімен анықталады...

> 2016 жылдың 20 сәуірінде А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан Республикасы...

2016 жылдың 20 сәуірінде А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) қызметкерлерінің қатысуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту. Департаменттің бастамашылық етуімен облыстың 26 мемлекеттік органының персоналды басқару қызметінің өкілдері бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысты.

Іс-шараның негізгі бөлімінде Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев жоғары оқу орындары студенттеріне реформа жағдайында мемлекеттік қызметке орналасу және мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі туралы айтты. Сондай-ақ, персоналды басқару қызметтерінің өкілдері *Жұмысқа орналасу мәселесі* тақырыбында диалог алаңшасын өткізді

Іс-шараның соңында биылғы жылдың түлектері мемлекеттік қызметте айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген бұрынғы жылдардың түлектерімен кездесті.

![Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның білім деңгейімен анықталады...](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/yuLUN6u18IFDvjrqe74OFbD5QL7rI1.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ltty-b-sekege-abilettiligi-e-aldymen-ony-bilim-de-geyimen-any-talady-689960](https://yvision.kz/kk/post/ltty-b-sekege-abilettiligi-e-aldymen-ony-bilim-de-geyimen-any-talady-689960)