---
title: "Ұлттық арнада «Әли мен Айя» мультфильмі"
description: "Бүгін сағат 13:10-да мультфильмнің 3-4 бөлімдерін көріңіз. Бұл мультфильмнің мақсаты 5 жасқа дейінг..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-10-17T23:33:44+00:00"
modified: "2015-10-17T23:33:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ltty-arnada-li-men-ayya-multfilmi-589356"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ltty-arnada-li-men-ayya-multfilmi-589356/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлттық арнада «Әли мен Айя» мультфильмі

> Бүгін сағат 13:10-да мультфильмнің 3-4 бөлімдерін көріңіз. Бұл мультфильмнің мақсаты 5 жасқа дейінг...

Бүгін сағат 13:10-да мультфильмнің 3-4 бөлімдерін көріңіз.

![Ұлттық арнада «Әли мен Айя» мультфильмі](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/6F0gtPyjUC2qEEQy643agINTPh36wp.png)

Бұл мультфильмнің мақсаты 5 жасқа дейінгі балалардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Ауылда тұратын ата-әжесіне келген Әли мен Айя есімді кейіпкерлер арқылы балаларды қоршаған ортамен таныстыру.

Әли мен Айя табиғаттың түрлі құпия-сырларына жауап іздейді. Ән айтып, би билейді. Әр бөлімде қазақтың Ұлттық өнері, мәдениеті, әдет-ғұрып және салт-дәстүрі қамтылады.

«Әли мен Айя» мультфильмін бүгін сағат 13:10-да көріңіз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ltty-arnada-li-men-ayya-multfilmi-589356](https://yvision.kz/kk/post/ltty-arnada-li-men-ayya-multfilmi-589356)