---
title: "Ұлтшылдарға МЫҢ АЛҒЫС!"
description: "Кешегі Ашаршылық пен Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Ұлттық аза тұту»күнінде жылда көңіл к..."
author: "tracyb"
published: "2017-06-01T11:15:49+00:00"
modified: "2017-06-01T11:15:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ltshyldar-a-my-al-ys-768709"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ltshyldar-a-my-al-ys-768709/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлтшылдарға МЫҢ АЛҒЫС!

> Кешегі Ашаршылық пен Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Ұлттық аза тұту»күнінде жылда көңіл к...

Кешегі Ашаршылық пен Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Ұлттық аза тұту»күнінде жылда көңіл күпті болатын. Шүкір, биыл, басқашалау болды.

Алматы әкімі жарады. **Бауыржан Байбек** сын сағатта азаматтық танытты. **21** жылдан бері әні орнатамыз, міне, орнатамыз деп жүрген ескерткішті ел болып тұрғыздық.

Тарихты сөйлетсек, осы **геноцидтің** есебінде қисап жоқ. **4** млнға жуық адам қырылған.

Қандай ауыр қасырет десеңші. Көріңде өкіргір **Голощекин «біз керемет жетістікке қол жеткіздік»** деп баяндама жасап, оған қызыл кәмүнүстер қол шапалақтап жатқанда, көшедегі мәйіттердің иісі ашық тұрған терезеден ішке еніп тұрғанын күрсініп еске алады, куәгерлерлер.

**1897** жылғы санаққа қарасақ, **4 миллион 84 мың** адам болған екенбіз. Өзбектер бізден шамамен, **3 еседей** аз болыпты. **(1миллион 690 мың)** Қазір, олар – **30 млн** нан асады!

**37** дегі саяси репрессияда **100** мыңнан аса адам жазықсыз халық жауы аталып, атылып кетті.

Алматыдағы **Наурызбай батыр** мен **Қабанбай батыр** көшелерінің қиылысындағы **«Қарағайлы»** саябағында **Саяси қуғын-сүргін құрбандарына** **арналған** **ескерткіштің** маңына жиналғандардың санында қисап болмады.

Биіктігі **3** метрлік ескерткіштің авторлары мына азаматтар. Белгілі мүсіншілер **Қанат Бегұлиев, Айдос Бүркітбаев** және **Дулат Үсенбаев.**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ltshyldar-a-my-al-ys-768709](https://yvision.kz/kk/post/ltshyldar-a-my-al-ys-768709)