---
title: "LTE технологиясы базасындағы «Ұтқыр кеңсе»"
description: "LTE технологиясы базасындағы «Ұтқыр кеңсес» –LTE радиобайланыс технологиясы арқылы жеке корпоративті..."
author: "YourKazakhTelecom"
published: "2014-04-22T06:31:29+00:00"
modified: "2014-04-22T06:31:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lte-tehnologiyasy-bazasynda-y-t-yr-ke-se-410783"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lte-tehnologiyasy-bazasynda-y-t-yr-ke-se-410783/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# LTE технологиясы базасындағы «Ұтқыр кеңсе»

> LTE технологиясы базасындағы «Ұтқыр кеңсес» –LTE радиобайланыс технологиясы арқылы жеке корпоративті...

**LTE технологи****ясы** **баз****асындағы** **«****Ұтқыр кеңсе****с» –LTE** **радиобайланыс** **технологи****ясы арқылы жеке** **корпоратив****ті** **(VPN)** **виртуал****ды желісіне қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ететін** **корпоратив****ті** **клиент****терге арналған қызмет түрі.**

«Ұтқыр кеңсе» қызметінің арқасында біз өзіміздің корпоративті клиенттерімізді IP VPN қызметіне қосылу алаңын кеңейту мүмкіндігіне ие боламыз. «Ұтқыр кеңсе» қызметі корпоративтік желілердің клиенттік трафигін оқшаулау, беру және қамтамасыз ету үшін MPLS және LTE технологияларының мүмкіндіктерін біріктіруге жағдай жасайды.

![LTE технологиясы базасындағы «Ұтқыр кеңсе»](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/ILrOVDHwjCXURaNWqXXlhq3DJVUx15.jpg)

Жалпы алғанда, LTE бойынша қолжетімділік VPN-жалғанудың соңғы сәттері деуге болады. Қызметті іске асырудың техникалық жақтарын ойластыра келіп, Қазақтелекомның инновациялық бөлімшелері компанияның корпоративті клиенттеріне арнап географиялық таратылған желі құру үшін IP VPN классикалық қызмет түріне бейімделген. Сапа сервисінің (QoS) басқа сыныпты сервистерді басқару жөніндегі саясатын сақтай отырып LTE желісінің стандартты тетіктері базасында LTE желісі оқшауланған туннельдер құру үшін де қолданылуы мүмкін.

Қазақтелекомның клиенттері «Ұтқыр кеңсені» қолдана отырып, жоғары жылдамдықтағы LTE технологиясы бойынша корпоративті желісіне өзінің қосымша кеңселерін жалғау мүмкіндігін алады. Бұл корпоративтік желі сегментін ұйымдастыруда белгілі бір икемділік пен қолайлылық береді.

«Ұтқыр кеңсе» қызметі LTE желісі қамту аймағында қолжетімді. Бүгінгі күні бұл – Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен қалалары, сондай-ақ Алматы, Ақмола облыстарының бірқатар елді мекендері. LTE желісін қамту аймағы ұлғайып келеді, яғни біздің корпоративтік кеңселеріміздің көпшілігі ұтқыр болады.

«Ұтқыр кеңсе» - Қазақтелеком қызметтерінің B2B нарығында конвергенциялаудың тағы да бір қадамы. Біз өзіміздің корпоративтік клиенттеріміздің сұраныстарын қанағаттандыру үшін LTE артықшылығын пайдаланамыз, ол – жылдамдық, қолжетімділік және басқарушылық.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lte-tehnologiyasy-bazasynda-y-t-yr-ke-se-410783](https://yvision.kz/kk/post/lte-tehnologiyasy-bazasynda-y-t-yr-ke-se-410783)