---
title: "Ұлт жоспары аясында өңірлік мәдени-туристік саланың құрылуына ерекше назар аударылады – ҚР МСМ"
description: "ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бес институционалды реформаны жүзеге асыру аясында Ұлт жоспары ая..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-07-22T03:28:00+00:00"
modified: "2015-07-31T03:29:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lt-zhospary-ayasynda-irlik-m-deni-turistik-salany-ryluyna-erekshe-nazar-audarylady-r-msm-524091"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lt-zhospary-ayasynda-irlik-m-deni-turistik-salany-ryluyna-erekshe-nazar-audarylady-r-msm-524091/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлт жоспары аясында өңірлік мәдени-туристік саланың құрылуына ерекше назар аударылады – ҚР МСМ

> ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бес институционалды реформаны жүзеге асыру аясында Ұлт жоспары ая...

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бес институционалды реформаны жүзеге асыру аясында Ұлт жоспары аясында өңірлік мәдени-турситік саланың құрылуына ерекше назар аударылады.

«Ұлт жоспарының 86-шы қадамына сәйкес, өңірлік мәдени-туристік салалардың құрылуына назар ерекше айдарылады, ол қуатты мультипликативті әсер береді. Бұл 5 орталық: «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі мен көшпелі мәдениет – Алтай маржаны», «Ұлы Жібек жолының ашылуы», «Каспий қақпасы». Кластерлер халықаралық туризмнің интеграция тсратегиясының ортақ бөлігі болып есептеледі», - деді А.Мұхамедиұлы.

Министр атап өткендей, Қазақстанның тарихи – мәдени дамуы шетелдік ғылым қоғамының қызығушылығын арттырып отыр.

«Әлеуметтік – мәдени туризмді дамытудың басты факторы елдің тарихи-мәдени дамуын насихаттау болып табылады. Қытайлық өнер және мәдениет қорымен ынтымақтастық орнатылды. Катарлық, норвегиялық және неміс ғалымдары археологиялық ескерткіштердің сақталуына, мәселен Берел қорғаны, Тамғалы жазулары мен Отырар қалашығының сақталуына қатысады», - деді ол.

«Мәдениет және спорт саласындағы институционалды реформаларды жүзеге асыру аясында осы саланың заңнамалық базасын айтарлықтай нығайту жоспарлануда. Ол үшін барқатар заң жобалары дайындалды, атап айқтанда, мәдениет туралы, археологиялық мұра туралы, туристік қызмет туралы заң жаңа редакцияда, қайырымдылық туралы заңдары дайындалды. Бұған қоса, мәдени саясат тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, дене шынықтыру мен спорт тұжырымдамасын дамыту, мерекелердің ұлттық күнтізбесін жасау тұжырымдамасы, ҚХА тұжырымдамасы, сәйкестік пен бірлікты нығайту тұжырымдамасы, Тілдерді дамыту мен олардың қызметі туралы мемлекеттік бағдарлама сияқты салалық тұжырымдамалар мен бағдарламалық құжаттар қажет»,-деді А:Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар, министр елдің тарихи-мәдени мұрасының дамуына тың серпін беретін, мәдени дамудың ұлттық жобасы - «Мәңгілік ел» бағдарламасы туралы айтып берді. Бұрын қолданылып келген «Мәдени мұра» бағдарламасына қарағанда, жаңа жоба кең ауқымды міндеттерге негізделген және ол қазақстандық мәдени мұраны бүкіләлемдік құндылық ретінде ықпалдастыруды қарастырады. Яғни, «Мәңгілік мұра» Қазақстанның өнері мен жетістіктерін шет мемлекеттерге насихаттауға бағытталған»,-деді А.Мұхамедиұлы.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/24039/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lt-zhospary-ayasynda-irlik-m-deni-turistik-salany-ryluyna-erekshe-nazar-audarylady-r-msm-524091](https://yvision.kz/kk/post/lt-zhospary-ayasynda-irlik-m-deni-turistik-salany-ryluyna-erekshe-nazar-audarylady-r-msm-524091)