---
title: "Ұлт тарихына бей-жай қарай алмайтын адам мол рухани азық алары анық."
description: "Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісінің Видео айдарында қазақ тарихының алмағайып кезеңінде туға..."
author: "elimai"
published: "2012-12-06T00:36:04+00:00"
modified: "2012-12-06T00:36:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lt-tarihyna-bey-zhay-aray-almaytyn-adam-mol-ruhani-azy-alary-any-306891"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lt-tarihyna-bey-zhay-aray-almaytyn-adam-mol-ruhani-azy-alary-any-306891/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлт тарихына бей-жай қарай алмайтын адам мол рухани азық алары анық.

> Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісінің Видео айдарында қазақ тарихының алмағайып кезеңінде туға...

Достар, [www.elim-ai.kz](http://www.elim-ai.kz/) әлеуметтік желісінің Видео айдарында қазақ тарихының алмағайып кезеңінде туған жерден жыраққа кетіп, елден іргесі ажырап кеткен Шетелдегі қандастарымыздың өмірінен сыр шертетін деректі фильмдер орналасқан. Ресей (Санкт-Петербург), Түркия, Франция елдерінде мекен етіп жатқан қандастарымыздың тұрмысынан баян етіп қана қоймай, сол бір кезеңдегі қалыптасқан тарихи жайттардан да көп мағлұмат береді. Сондай-ақ олар мекен етіп жатқан ел, қала туралы да егжей-тегжейлі баяндап, қазақ тарихына қатысты ондағы жәдігерлер жөнінде кең арналы мәліметтер береді. Мысалы, Санкт-Петербург қаласы жайлы айта келіп, ондағы Эрмитаж бен Кунсткамера қорларындағы қазақ жерінен апарылған мұралардың тарихынан сыр шертеді. Видеолар қазақ тіліне аударылған. Достар, [www.elim-ai.kz](http://www.elim-ai.kz/) әлеуметтік желісіне қосылып, көріп тыңдаңыздар. Ұлт тарихына бей-жай қарай алмайтын адам мол рухани азық алары анық.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lt-tarihyna-bey-zhay-aray-almaytyn-adam-mol-ruhani-azy-alary-any-306891](https://yvision.kz/kk/post/lt-tarihyna-bey-zhay-aray-almaytyn-adam-mol-ruhani-azy-alary-any-306891)