---
title: "Ұлт тағдыры туралы толғаныс немесе Алаш идеясы"
description: "XX ғасырдың басында елеулі құбылыстың бірі – Алаш қозғалысы еді. Қазақ халқы ұлт азаттық қозғалысын..."
author: "KarakozT"
published: "2015-01-29T04:34:24+00:00"
modified: "2015-01-29T04:34:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lt-ta-dyry-turaly-tol-anys-nemese-alash-ideyasy-462500"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lt-ta-dyry-turaly-tol-anys-nemese-alash-ideyasy-462500/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлт тағдыры туралы толғаныс немесе Алаш идеясы

> XX ғасырдың басында елеулі құбылыстың бірі – Алаш қозғалысы еді. Қазақ халқы ұлт азаттық қозғалысын...

![Ұлт тағдыры туралы толғаныс немесе Алаш идеясы](https://storage.yvision.kz/images/user/karakozt/8rN32caw7W7Y3OlU0G859293f8LloR.jpg)

XX ғасырдың басында елеулі құбылыстың бірі – Алаш қозғалысы еді. Қазақ халқы ұлт азаттық қозғалысының елдік мүддені қорғау жолында ұлттық саяси партия құрып, Алаш арыстарының алдына қойған маңызды міндеттерінің бірі – түрлі тарихи оқиғалардың салдарынан сырт елдерде қалған қазақтардың мәселесі болатын. Сондай-ақ, босқыншылықта жүрген қазақ халқының басын біріктіру, бір шаңыраққа жинау мақсатында жеке автономиялы ел болу еді. 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында II бүкіл қазақ-қырғыз съезі өтеді. Басқосуда съез делегаттары автономия құру керектігі жөнінде қаулы қабылдайды. Қаулыдағы мәселелердің бірінде «қазақ-қырғыз автономиясы – «Алаш» деп аталсын» деген жолдар кездеседі. «Алаш» автономиясын құру кімдердің идеясы еді? Түркістан автономиясының жұмысын лезде тоқтатуға не себеп болды? Тарихтың ақтаңдақ беттеріндегі бұл мәселелердің ақ-қарасын бағдарламадан біле аласыздар.

Студия қонағы – «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының басшысы Сұлтанхан Аққұлұлы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lt-ta-dyry-turaly-tol-anys-nemese-alash-ideyasy-462500](https://yvision.kz/kk/post/lt-ta-dyry-turaly-tol-anys-nemese-alash-ideyasy-462500)