---
title: "Ұлт ұстазы"
description: "7 желтоқсандаЕресек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездес..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2022-12-07T11:25:27+00:00"
modified: "2022-12-07T11:25:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lt-stazy-980271"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lt-stazy-980271/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлт ұстазы

> 7 желтоқсандаЕресек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездес...

7 желтоқсандаЕресек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында жазушы, ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлт ұстазы» брейн-ринг ойынының 2 кезеңі өткізілді. Сайыстың бірінші бөлімінде жеңіске жеткен қаламыздың М. Хакімжанова атындағы №20 орта мектебі мен №10 жалпы білім беретін орта мектебі кездесті. Ойын 6 кезеңнен тұрады. Ойын барысында қатысушылар ұлт ұстазының шығармашылығына, өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, өлеңдерімен танысып, Ы. Алтынсариннің авторлық жұмбақтарын шешіп, мақалдарының жалғасын тапты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/3e153c8ac36834c96c93ab6ed7c002.jpg)

Сайыс қорытындысы бойынша М.Хәкімжанова атындағы №20 мектебі жеңіске жетті. Оқушыларды ойынға дайындап, серіктестікке көмек көрсеткен мұғалімдер де алғыс хатпен марапатталды. Зияткерлік ойын оқушылардың да, ұстаздардың да көңілінен шықты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/34d18479c0a04cda96418e88408c73.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/04a7cb5abd0b0b7c9f45cbdac659f7.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/f12d58ef6fdda85cc35ea5ec758f34.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/53aad0db885cdf7550599f5dbe23f0.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/a184fb850b3ab96bee142d4b592515.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lt-stazy-980271](https://yvision.kz/kk/post/lt-stazy-980271)