---
title: "Ұлт үдесінен шыққан Ұлттық университет"
description: "«Шын алтынға мақтаудың керегі жоқ» дегендей, кез-келген талапкер жарнамасыз жақсы көретін оқу орны –..."
author: "Zhuldyzrysmakhan"
published: "2019-12-26T17:53:01+00:00"
modified: "2019-12-26T17:53:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lt-desinen-shy-an-ltty-universitet-846715"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lt-desinen-shy-an-ltty-universitet-846715/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлт үдесінен шыққан Ұлттық университет

> «Шын алтынға мақтаудың керегі жоқ» дегендей, кез-келген талапкер жарнамасыз жақсы көретін оқу орны –...

![Ұлт үдесінен шыққан Ұлттық университет](https://storage.yvision.kz/images/user/429812/ce9fa4c6a2ae6fb2c96410edf6803d.png)

«Шын алтынға мақтаудың керегі жоқ» дегендей, кез-келген талапкер жарнамасыз жақсы көретін оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – менің де арманым болатын. Бір ізді білім мен үздіксіз оқудың нәтижесінде көздеген мақсатыма қол жеткізе алдым. Айтса айтқандай, ҚазҰУ – нағыз білім ордасы екен. Университеттің 76-жылдық аса бай тарихы Қазақстанның академиялық ғылымы мен жоғары мектебінің дамуы және қалыптасуымен тығыз байланысты. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде.

Биыл ҚазҰУ-дың әлемдік дәрежедегі орны одан сайын жоғарылады. Әрине, оның барлығы –сол жердегі шәкірт үшін аянбай еңбек етіп жатқан ұлағатты ұстаздардың бірден-бір жемісі. Әлемде өзінің ойып тұрып алатын өзгеше орны бар оқу орны мені жүйелі білімі, орынды талабы һәм республикаға мәшһүр оқытушыларымен одан сайын тәнті етті. Дарынды ұстаздар мен жаңашыл оқытушылар өзіндік ерекшеліктерімен талапкерлердің ғылымға деген қадамын жасатып жатқандай. Ұлттық оқу орнынан білім нәрімен сусындап шыққан әр маман елдің тұтқасын ұстайтын тұлға болары хақ. Қазіргі халық білетін ел үшін қызмет етіп жүреген жандар сол ҚазҰУ түлегі болғандығы – сөзіме дәлел. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы сеніп, ел болашағын қолына тапсырған жастарды тәрбиелеп, қоғамға қалыптастырып жатқан Ұлттық оқу орнының мәртебесі уақыт өткен сайын биіктемесе, төмендемесі мәлім.

Ғылыми жетекші ф.ғ.к. , доцент Медетбекова Перизат Рысмахан Жұлдыз ҚазҰУ магистранты

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lt-desinen-shy-an-ltty-universitet-846715](https://yvision.kz/kk/post/lt-desinen-shy-an-ltty-universitet-846715)