---
title: "Әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратты жариялайтын БАҚ ұзаққа бармайды. 2-бөлім"
description: "«Әлемде орын алған барлық ірі дағдарыстар, атап айтқанда Азия нарығындағы 1998 жылғы дағдарыс эконом..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2018-06-23T09:46:22+00:00"
modified: "2018-07-02T10:06:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/leumettik-zhelilerdegi-zhal-an-a-paratty-zhariyalaytyn-ba-za-a-barmaydy-2-b-lim-807969"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/leumettik-zhelilerdegi-zhal-an-a-paratty-zhariyalaytyn-ba-za-a-barmaydy-2-b-lim-807969/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратты жариялайтын БАҚ ұзаққа бармайды. 2-бөлім

> «Әлемде орын алған барлық ірі дағдарыстар, атап айтқанда Азия нарығындағы 1998 жылғы дағдарыс эконом...

«Әлемде орын алған барлық ірі дағдарыстар, атап айтқанда Азия нарығындағы 1998 жылғы дағдарыс экономикадағы ақша айналымының жылдамдығы өзгергеніне байланысты деген тұжырым бар. Өзгерткен кезде дағдарыстар болды, кейіннен технология өсіп, және тағы басқалар да жақсы мүмкіндіктер пайда болды Менің субъективті көзқарасымда, бүгінгі күні ақпаратпен әлеуметтік желілер істейтін жұмыс Интернет журналистикасы саласында жұмыс істейтін корреспонденттердің бәсекелестігіне жақсы қарқын береді. Ақпаратты интернет-медиа арқылы тарату жылдамдығының зиянынан көрі пайдасы көбірек», - деп сендірді сарапшы.

Әлеуметтік желілер жалған жаңалықтар жасады. Бүгінде Интернет желісінде кейбір БАҚ-тар алып пайдаланатын көптеген сенімсіз ақпараттар бар.

«Біз оқып, кейде ақпараттың дұрыстығына күмән туындайтын кездеріміз көбейді. Ақпаратты тексеруіміз керек жағдалар кездеседі. Ақпараттың сенімділігін тексеруге арналған көптеген порталдар пайда болды. Шын мәнінде, бұл - әлемдегі кез-келген басқа процеске ұқсайды. Әлеуметтік желілерден жалған мақалалар шығаратын БАҚ уақыт өте жай ғана өмір сүруін тоқтатады. Жалған ақпаратты жаңалық қылып жариялайтын баспалар сенімсіз, оларға жарнама берушілер келмейді. Неғұрлым ұзақ тұрғыдан алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік жүйеден ешнәрсе алмағаны дұрыс деген тұжырым жасауға болады. Сондықтан, осы тұрғыдан әлеуметтік желілер кейбір эволюциялық процестерді береді, бірақ БАҚ үшін ешқандай қауіп тудырмайды», - деді «Казконтент» АҚ Басқарма төрағасы.

Әлеуметтік желілер дәстүрлі журналистиканы алмастырады дейді. Алайда, блоггер – журналист пе деген сұрақ туындайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/leumettik-zhelilerdegi-zhal-an-a-paratty-zhariyalaytyn-ba-za-a-barmaydy-2-b-lim-807969](https://yvision.kz/kk/post/leumettik-zhelilerdegi-zhal-an-a-paratty-zhariyalaytyn-ba-za-a-barmaydy-2-b-lim-807969)