---
title: "Әлеуметтік сала өкілдері жемқорлықпен күрес жайын талқылады"
description: "28-01-2015Бүгін Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінде Жамбыл облысының Мемлекеттік қызметі іст..."
author: "anticorruption_tz"
published: "2015-01-29T11:08:45+00:00"
modified: "2015-01-29T11:09:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/leumettik-sala-kilderi-zhem-orly-pen-k-res-zhayyn-tal-ylady-465058"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/leumettik-sala-kilderi-zhem-orly-pen-k-res-zhayyn-tal-ylady-465058/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әлеуметтік сала өкілдері жемқорлықпен күрес жайын талқылады

> 28-01-2015Бүгін Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінде Жамбыл облысының Мемлекеттік қызметі іст...

28-01-2015Бүгін Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінде Жамбыл облысының Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен Тараз қаласындағы білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізді.Аталған іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа қабылданған 2015-2025 жылдарға арналған Стратегияның негізгі бағыттарын түсіндіру. Аталған бағытта қоғам мен мемлекет бірлескен түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекету негізгі басымдық ретінде қаралды. Кездесуде Жамбыл облысының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы М.А.Қожабаев, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Сейдазимов, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары М.С.Жұманқұлов, білім саласындағы кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Р.Орынбаева, №24 гимназия директоры М.В.Гладченко сөз сөйледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/leumettik-sala-kilderi-zhem-orly-pen-k-res-zhayyn-tal-ylady-465058](https://yvision.kz/kk/post/leumettik-sala-kilderi-zhem-orly-pen-k-res-zhayyn-tal-ylady-465058)