---
title: "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар объектілерін сатудан бюджет 2 956 млн. теңгеге ұлғайды"
description: "2014 - 2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 833 объекті жоспарланған. 2014 жылдың мау..."
author: "minfingovkz"
published: "2016-01-19T07:47:26+00:00"
modified: "2016-01-19T07:47:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/leumettik-k-sipkerlik-korparaciyalar-obektilerin-satudan-byudzhet-2-956-mln-te-gege-l-aydy-673857"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/leumettik-k-sipkerlik-korparaciyalar-obektilerin-satudan-byudzhet-2-956-mln-te-gege-l-aydy-673857/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар объектілерін сатудан бюджет 2 956 млн. теңгеге ұлғайды

> 2014 - 2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 833 объекті жоспарланған. 2014 жылдың мау...

2014 - 2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 833 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 491 объекті жекешелендіруге жатады. 2016 жылдың 19 қаңтардағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 428 объекті шығарылды, оның ішінде 241 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 15, коммуналдық меншік бойынша - 116, ӘКК - 60, холдингтер бойынша - 50.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 5 509 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 2 980 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 261 млн теңге, ӘКК 2 956 млн. теңге.

**Республикалық меншік бойынша**

Барлығы 2014-2016 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 41 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 28 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 19 қаңтардағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 28 объекті шығарылды, оның ішінде 15 объекті сатылды.

**Коммуналдық меншік бойынша**

Барлығы 2014 - 2016 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 491 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 243 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 19 қаңтардағы жағдайы бойынша 221 объекті шығарылды, соның ішінде 116 объекті сатылды.

**Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша**

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2016 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 170 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 109 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 86 объекті сатуға қойылды, 60 объекті сатылды.

**Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша**

2014 - 2016 жж. арналған сату Кестесі бойынша 131 объекті жекешелендіруге жатады, 19 қаңтардағы жағдайы бойынша жоспарланған 111 объектінің 93 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 50 объект сатылды.

![Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар объектілерін сатудан бюджет 2 956 млн. теңгеге ұлғайды](https://storage.yvision.kz/images/user/minfingovkz/6z04a9D7jzi3Ku886pNVCW98EJRlHa.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/leumettik-k-sipkerlik-korparaciyalar-obektilerin-satudan-byudzhet-2-956-mln-te-gege-l-aydy-673857](https://yvision.kz/kk/post/leumettik-k-sipkerlik-korparaciyalar-obektilerin-satudan-byudzhet-2-956-mln-te-gege-l-aydy-673857)