---
title: "Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, соның шінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу"
description: "А.ж. 15 тамыз күні Департамент қызметкерлері Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойын..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-08-16T23:11:02+00:00"
modified: "2017-08-16T23:11:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/leumettik-infra-rylym-nysandaryny-sony-shinde-zhalpy-paydalanuda-y-avtomobil-zholdaryny-rylysy-kezin-775874"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/leumettik-infra-rylym-nysandaryny-sony-shinde-zhalpy-paydalanuda-y-avtomobil-zholdaryny-rylysy-kezin-775874/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, соның шінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

> А.ж. 15 тамыз күні Департамент қызметкерлері Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойын...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/ob7qMLJtcscq46ZvElQRfWU6o69p62.jpg) А.ж. 15 тамыз күні Департамент қызметкерлері Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында Бурабай, Бұланды, Еңбекшілдер аудандарында «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, соның шінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік нысандар құрылысы барысында жемқорлық көріністеріне жол бермеудегі рөлін ашып көрсету, мемлекеттік аппараттың оң имиджін қалыптастыру.

Дөңгелек үстел отырысына Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының бас маманы Б.Әшірбеков, сәйкес бөлімдер басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар аудандық деңгейдегі жемқорлықтың алдын алу шараларын талқылап, жемқорлықты болдырмау шараларының, НҚА енгізілген өзгерістердің өзектілігін және уақтылығын сондай-ақ, алдын алу шараларын өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Б.Әшірбеков қатысушыларды жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері арасында жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/leumettik-infra-rylym-nysandaryny-sony-shinde-zhalpy-paydalanuda-y-avtomobil-zholdaryny-rylysy-kezin-775874](https://yvision.kz/kk/post/leumettik-infra-rylym-nysandaryny-sony-shinde-zhalpy-paydalanuda-y-avtomobil-zholdaryny-rylysy-kezin-775874)