---
title: "\"Әлеуметтік адалдық алаңы\" жобалық кеңсесінің қызметі"
description: "2021 жылдың 21 мамырында \"Әлеуметтік адалдық алаңы\" жобалық кеңсесінің ашылуы өтті. Бұл әлеуметтік б..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2021-07-14T09:27:32+00:00"
modified: "2021-07-14T09:49:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/leumettik-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesini-yzmeti-941565"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/leumettik-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesini-yzmeti-941565/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Әлеуметтік адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметі

> 2021 жылдың 21 мамырында "Әлеуметтік адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ашылуы өтті. Бұл әлеуметтік б...

2021 жылдың 21 мамырында "Әлеуметтік адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ашылуы өтті. Бұл әлеуметтік бағыттағы мәселелерді жедел шешу үшін халықпен тікелей диалог жүргізуге арналған ашық алаң. Мемлекеттік органдардың халық алдындағы жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, мемлекеттік қызметтерді алуды автоматтандыру және оңтайландыруға, мемлекеттік мекемелерде қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған негізгі міндеттер. Алғашқы күні 8 қала тұрғыны жобалық кеңсе базасында мемлекеттік қызметшілерге жүгінді. Бүгінгі күні жобалық кеңсеге 38 сұрақ бойынша 23 өтініш түсті. Негізгі бөлігі жеңілдіктер беру, мүгедек адамдарға көмек көрсету, сондай-ақ оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және басқа да көптеген мәселелерге қатысты. Кеңес беру барысында жүгінгендерге заңнама негізінде ауызша түсініктемелер берілді, қызметкерлерге жүгінген азаматтардың мәселелерін шешуге қатысты тапсырмалар берілді, өмірлік қиын жағдайда қалған мүгедек адамдарға көмек көрсетілді. "Әлеуметтік адалдық алаңы" жобалық кеңсесі өз қызметін жалғастыруда. Кез келген адам Қостанай қаласы, Қасымханов көшесі, 34, 1-қабат мекенжайы бойынша әлеуметтік бағыттағы мәселелер бойынша проблемалық сұрақтармен күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүгіне алады, тел. 50-13-90.

!["Әлеуметтік адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметі](https://storage.yvision.kz/images/user/386817/9ba30ec8b4282d26ad6cd3ea378bb4.jpg)

!["Әлеуметтік адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметі](https://storage.yvision.kz/images/user/386817/f2054615eb22aa5e0f97eb71e2a6f1.jpg)

!["Әлеуметтік адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметі](https://storage.yvision.kz/images/user/386817/0d98cd119789422170295e697b6a0b.jpg)

!["Әлеуметтік адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметі](https://storage.yvision.kz/images/user/386817/4853aaaf04bb2a5113b40925d8637e.jpg)

!["Әлеуметтік адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметі](https://storage.yvision.kz/images/user/386817/9154af6cc5860678540687148d284c.jpg)

!["Әлеуметтік адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметі](https://storage.yvision.kz/images/user/386817/1503ee686f697e50944bda8aaef021.jpg)

!["Әлеуметтік адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметі](https://storage.yvision.kz/images/user/386817/0bedac4d5d806dc3dd2e1de4d0b24b.jpg)

!["Әлеуметтік адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметі](https://storage.yvision.kz/images/user/386817/d63a3554717937824f23b8f35fdb1b.jpg)

*** 21 мая 2021 года состоялось открытие проектного офиса «Әлеуметтік адалдық алаңы». Это открытая площадка для прямого диалога с населением для оперативного решения вопросов социальной направленности. Основные задачи, которого направлены на обеспечение прозрачности работы государственных органов перед народом, искоренение бытовой коррупции, автоматизацию и оптимизацию получения госуслуг, создание комфортных условий в государственных учреждениях. В первый же день 8 горожан обратились с вопросами к государственным служащим на базе проектного офиса. На сегодняшний день в проектный офис поступило 23 обращения по 38 вопросам. Основная часть касаются вопросов предоставления льгот, оказание помощи для лиц с инвалидностью, а также вопросов разработки индивидуальной программы реабилитации, назначение пенсий и пособий и многие другие вопросы. В ходе консультаций обратившимся были даны устные разъяснения на основании законодательства, сотрудникам даны поручения, касающиеся решения вопросов обратившихся граждан, оказано содействие лицам с инвалидностью, оказавшимся в сложной жизненной ситуации. Проектный офис «Әлеуметтік адалдық алаңы» продолжает свою деятельность. Любой желающий может обратиться с проблемными вопросами по вопросам социальной направленности по адресу: г. Костанай, ул. Касымханова, 34, 1 этаж ежедневно с 9:00 до 18:30 часов, с перерывом на обед с 13:00 до 14:30 часов, тел.50-13-90.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/leumettik-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesini-yzmeti-941565](https://yvision.kz/kk/post/leumettik-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesini-yzmeti-941565)