---
title: "Ленгер қаласындағы «Төлеби автобус паркі» ЖШС-де жұмыс барысымен танысу мақсатында жиын өткізілді."
description: "«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының бекітілген желілік жұмыс кестесіне сәйкес 18.11.2020 ..."
author: "tolebi.nurotan.kz"
published: "2020-11-20T05:29:27+00:00"
modified: "2020-11-20T05:29:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lenger-alasynda-y-t-lebi-avtobus-parki-zhshs-de-zh-mys-barysymen-tanysu-ma-satynda-zhiyn-tkizildi-876145"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lenger-alasynda-y-t-lebi-avtobus-parki-zhshs-de-zh-mys-barysymen-tanysu-ma-satynda-zhiyn-tkizildi-876145/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ленгер қаласындағы «Төлеби автобус паркі» ЖШС-де жұмыс барысымен танысу мақсатында жиын өткізілді.

> «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының бекітілген желілік жұмыс кестесіне сәйкес 18.11.2020 ...

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының бекітілген желілік жұмыс кестесіне сәйкес 18.11.2020 жылы Ленгер қаласындағы «Төлеби автобус паркі» ЖШС-де жұмыс барысымен танысу мақсатында жиын өткізілді. Аталмыш мекеменің директоры Ж.Қуатбайұлы қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмысымен таныстырып, Ленгір қаласы бойынша 7 автобус, аудан көлемінде 1 автобус 4 газель, Ленгер-Шымкент қаласына 8 жаңа газель жұмыс атқарып жатқандығын атап көрсетті. Қазіргі таңда 45 қызметкер жұмыспен қамтылып, жұмыс атқаруда.

![Ленгер қаласындағы «Төлеби автобус паркі» ЖШС-де жұмыс барысымен танысу мақсатында жиын өткізілді.](https://storage.yvision.kz/images/user/443373/bcd9994cc3549c503aa42d3e2c8847.jpg)

Аталмыш мекеменің бас инженер қызметкері автобус паркінің қазіргі ахуалымен және қызметкерлерімен таныстырды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lenger-alasynda-y-t-lebi-avtobus-parki-zhshs-de-zh-mys-barysymen-tanysu-ma-satynda-zhiyn-tkizildi-876145](https://yvision.kz/kk/post/lenger-alasynda-y-t-lebi-avtobus-parki-zhshs-de-zh-mys-barysymen-tanysu-ma-satynda-zhiyn-tkizildi-876145)