---
title: "Әлемнің таңғажайып 12 кітапханасы"
description: "Мұрағатында 5000000 кітабы бар кітапхана бар екенін білесіз бе? Әуесқойлықпен кітап сөресіне бір-бір..."
author: "Arsik"
published: "2013-07-18T03:51:07+00:00"
modified: "2013-07-18T04:01:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lemni-ta-azhayyp-12-kitaphanasy-363867"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lemni-ta-azhayyp-12-kitaphanasy-363867/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әлемнің таңғажайып 12 кітапханасы

> Мұрағатында 5000000 кітабы бар кітапхана бар екенін білесіз бе? Әуесқойлықпен кітап сөресіне бір-бір...

*Мұрағатында 5000000 кітабы бар кітапхана бар екенін білесіз бе? Әуесқойлықпен кітап сөресіне бір-бірлеп кітап жинаудан бастаған Джей Уокердің үйі бүгінде әлемдік деңгейдегі ең таңғажайып кітапханалардың бірі. Мұндай кітапханалар әлемде сирек кездеседі деуге болмайды. Төменде ең керемет кітапханалар тізімін ұсынып отырмыз.*

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/Ily2VlR74u753NKHdr9AFI5c9lS8J2.jpg)

1. Швейцариядағы Сен-Галль аббаттығының кітапханасы — ортағасырлық кітаптарға ең бай кітапхана. 2005 жылы жүргізілген санақ бойынша мұнда 160000 кітап бар. Оның 2100-і қолжазба. Мұндағы төрт жүзге жуық кітаптардың жазылғанына мың жылдан көп болған.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/RYq36eqFCr40W62zbYA1j86VNhUiia.jpg)

2. Дублиннің Тринити-колледжінің кітапханасы — Ирландиядағы ең үлкен ғылыми кітапхана. Мұнда 5000000 кітап бар, соның ішінде манускрипт, карта және ноталар да қамтылған.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/uK9YD8eoUq2S1TFL5KHvbT2uZFQXt9.jpg)

3. Прага қаласында орналасқан Страговск монастырінің кітапханасы. Монастырьдің негізі 1149-жылы қаланған. Мұндағы ең көне кітаптар ХІІ ғасырға жатқызылады. Бүгінгі күні кітапхана мұрағатында 130000 кітап, 1500 мерзімді баспасөз, 2500 қолжазба және бірнеше мың графикалық жазбалар сақталған.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/DS5QKIlSWcr4X65gOsqrCRT6lDCGam.jpg)

4. Джей Уокер — америкалық ойлаптапқыш әрі кәсіпкер. Рriceline.com сайтының негізін салушы. Оның Риджфилдегі үйі адамзат тарихындағы ең үлкен көпдеңгейлі лабиринт тәрізді құрылған кітапхана. Онда 50000 кітап және музейлік деңгейдегі артефакттар бар.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/2ujUg97aWT9HTai35Um4yOEnnc0I2A.jpg)

5. Йель университетінің сирек кездесетін кітаптар мен көне қолжазбалар кітапханасы. Оның негізі 1963-жылы қаланған. Бұл сирек кітаптар мен манускриптерді сақтауға арналған әлемдегі ең үлкен кітапхана. Мұнда бүгінде 11 миллион кітап бар, соның ішінде Гутенберг Библиясының 48 данасы сақталған.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/fEe9tFcgjC4DZSz71tM2UVPYR72JQz.jpg)

6. Сиэтл кітапханасы — АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Сиэтл қаласының орталығында орналасқан. Бұл әйнек пен болаттан жасалған әсем ғимараттың негізі 2004-жылы тұрғызылған. Мұнда 1,45 миллион кітап сыйады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/5iUJqy9uH3MikA7jb7BvqY8k82P82F.jpg)

7. Гейзель атындағы кітапхана — Сан-Диегодағы Калифорния университетінің басты кітапханалық ғимараты. Кітапхана сегіз қабаттан тұрады, биіктігі 33,5 м. Аты атақты америкалық балалар жазушысы әрі мультипликатор Теодор Сьюз Гейзельдің құрметіне қойылған.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/bnxJ8b3kFkELjLlN0CX33Cc08hiOqL.jpg)

8. Голландиядағы Делфт технологиялық университетінің кітапханасы. Ол 1997-жылы Mecanoo архитектуралық студиясының жобасы бойынша салынған. Бұл кітапхана шатыры үлкен конуспен аяқталатын ерекше үлгідегі әлемдегі бірден-бір ғимарат.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/t4Uo9CvEuFU9Gxn6VW7qGD1B4tti5I.jpg)

9. Хосе Васконселос атындағы кітапхана. Мексиканың астанасы Мехиконың орталығында орналасқан бұл кітапхана 2006-жылы ашылған. Кітапхана 1922-1924 жылдары Мексиканың білім министрі болған жазушы әрі пәлсапашы, мемлекет қайраткері Хосе Васконселостың есімімен аталады. Ол ХХ ғасырда Латын Америка философиясының дамуына зор үлесін қосқан тұлға.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/4YF3LUM165QOY6qfXiQLNTo7iN32xY.jpg)

10. Ванкувер кітапханасы — параллелепипед тәрізді тоғыз қабатты ғимарат. Сыртқы көрінісі римдегі Колизейді еске түсіреді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/V81JUNhj8Ag7S51g7X4fNiSQedNB87.jpg)

11. Солт-Лейк-Сити кітапханасының басты бөлігі. Бұл бес қабатты керемет ғимарат Ванкувер кітапханасын салған архитектор Моше Сафдинің жобасы бойынша 2003-жылы салынған.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/vcwHbsjlDIFWe2wKJLe1q6Xc2Fz2v8.jpg)

12. Британ музейінің оқырман залы — Ұлыбританиядағы ең үлкен кітапхана. 1997-жылға дейін кітапханаға кәсіби зерттеушілерге ғана кіруге рұқсат етілетін. Мұнда әр кездері Карл Маркс, В.И.Ленин, Махмат Ганди, Дж.Б.Шоу, Герберт Уэллс зерттеу жұмыстарымен айналысқан. 2000-жылдан бастап кітапхана есігі көпшілікке ашық.

*[Afisha.ru](http://www.afisha.ru/article/best-libraries/)*

*Аударған: Айнұр Ракишева*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lemni-ta-azhayyp-12-kitaphanasy-363867](https://yvision.kz/kk/post/lemni-ta-azhayyp-12-kitaphanasy-363867)