---
title: "«Әлемдік үйлесімділік жүгірісі»"
description: "Баянауылдықтар «Әлемдік үйлесімділік жүгірісі» алаулы эстафетасына қатысушыларды қарсы алды. Биыл үй..."
author: "CRMI"
published: "2016-07-26T02:42:42+00:00"
modified: "2016-07-26T02:42:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lemdik-ylesimdilik-zh-girisi-704017"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lemdik-ylesimdilik-zh-girisi-704017/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Әлемдік үйлесімділік жүгірісі»

> Баянауылдықтар «Әлемдік үйлесімділік жүгірісі» алаулы эстафетасына қатысушыларды қарсы алды. Биыл үй...

Баянауылдықтар «Әлемдік үйлесімділік жүгірісі» алаулы эстафетасына қатысушыларды қарсы алды. Биыл үйлесімділік жүгірісі Қазақ елінің Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/7K0ncf9xnRbefPxWwP3gqiNU16ol9F.jpg) «Әлемдік үйлесімділік жүгірісі» алаулы эстафетасына қатысушыларды аудандық «Жастар орталығы» ,дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Жас дәурен» сауықтыру орталығы,қарсы алды.

Биылғы «Әлемдік үйлесімділік жүгірісінің» үйлестірушісі — Дәурен Оспанов Баянауылдықтарға жылы лебізін білдіріп, жиналған қауымға кезек-кезек бейбітшілік алауын ұстатты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/FndVaxuP1R6zrY7u8XRrn1t2NvqKi6.jpg) «Әлем жүгірісі» - халықаралық шырақты жеңіл атлетикалық эстафетасы әр ұлт өкілдері арасындағы бірлестікпен бейбітшілікке шабыттандырады, патриоттық сезімді оятады, салауатты өмір салтын насихаттайды. Эстафетаның жалғасын табу үшін жағылған шырақтар әлемнің түкпір-түкпір жерлерін аралайды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/v5U8Srs3hjznbRt23kxwBu7LQyX28h.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lemdik-ylesimdilik-zh-girisi-704017](https://yvision.kz/kk/post/lemdik-ylesimdilik-zh-girisi-704017)