---
title: "“Әлем менің көзіммен” көрмеcіне келіңіздер!"
description: "Алдыңғы бір жазбаларымда “Әлем менің көзіммен” атты көрме ұйымдастырғалы жатқанымызды айтқан болаты..."
author: "temirrr"
published: "2011-11-30T03:06:36+00:00"
modified: "2011-11-30T03:06:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lem-meni-k-zimmen-k-rmecine-keli-izder-209507"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lem-meni-k-zimmen-k-rmecine-keli-izder-209507/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# “Әлем менің көзіммен” көрмеcіне келіңіздер!

> Алдыңғы бір жазбаларымда “Әлем менің көзіммен” атты көрме ұйымдастырғалы жатқанымызды айтқан болаты...

[Алдыңғы бір жазбаларымда](http://timurdan.info/?p=795) “Әлем менің көзіммен” атты көрме ұйымдастырғалы жатқанымызды айтқан болатынмын. Естеріңізге салар болсам:

> «ААА» және «Болашақ» ассоциациясының Атыраудағы бөлімшелері өзара күш біріктіріп балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің салған суреттеріне көрме ұйымдастырмақшы. Бұл шара «Әлем менің көзіммен» деп аталатын тақырыпта, Ел тәуелсіздігінің 20 жыл толуына байланысты өткізілуде. Әне-міне дегенше осы жобаның соңғы этапына да келіп қалдық. Ендеше баршаңызды осы шараға қатысуға шақырамын.

> Құрметті, халайық! Бұл шараның ашылуы – осы жексенбі, яғни 4 желтоқсан, таңертеңгі сағат 10:30. Сіз бұл шараға қатысу арқылы ішекті аспаптар квартетінің орындауындағы ұлттық әуендерімізді тыңдап, сіздердің құрметтеріңізге арнайы даярланған тәтті шайдан ала отырып, балалардың өз қолдарымен жасалған өнер туындыларын тамашалай аласыздар. [“Әлем менің көзіммен”](http://www.astana-alumni.kz/10521077108810861087108810801103109010801103-1080-104010851086108510891099.html) жобасына қатысты басқа да қосымша ақпараттар мен суреттер үшін [www.astana-alumni.kz](http://www.astana-alumni.kz/) сайтына қонаққа келуді ұсынамыз. Құрметпен, Astana Alumni Association және «Болашақ» стипендиаттарының қауымдастығы [!\[“Әлем менің көзіммен” көрмеcіне келіңіздер!\](http://timurdan.info/wp-content/uploads/2011/11/%D0%90%D0%90%D0%90-300x212.jpg)](http://timurdan.info/wp-content/uploads/2011/11/%D0%90%D0%90%D0%90.jpg) [!\[“Әлем менің көзіммен” көрмеcіне келіңіздер!\](http://timurdan.info/wp-content/uploads/2011/11/%D0%91%D1%80%D0%BE%D1%88%D1%8E%D1%80%D0%B0-%D2%9B%D0%B0%D0%B7-212x300.jpg)](http://timurdan.info/wp-content/uploads/2011/11/%D0%91%D1%80%D0%BE%D1%88%D1%8E%D1%80%D0%B0-%D2%9B%D0%B0%D0%B7.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lem-meni-k-zimmen-k-rmecine-keli-izder-209507](https://yvision.kz/kk/post/lem-meni-k-zimmen-k-rmecine-keli-izder-209507)