---
title: "Әлем Кубогы: Қазақстандық Юлия Галышева — фристайл спорты бойынша 5 орында"
description: "Америкадағы Лэйп Плэсидте могулдан Әлем кубогының кезеңі өтті, деп хабарлады Sports.kz. Бұл кезеңде..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-01-16T23:24:51+00:00"
modified: "2014-01-16T23:24:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lem-kubogy-aza-standy-yuliya-galysheva-fristayl-sporty-boyynsha-5-orynda-396116"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lem-kubogy-aza-standy-yuliya-galysheva-fristayl-sporty-boyynsha-5-orynda-396116/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әлем Кубогы: Қазақстандық Юлия Галышева — фристайл спорты бойынша 5 орында

> Америкадағы Лэйп Плэсидте могулдан Әлем кубогының кезеңі өтті, деп хабарлады Sports.kz. Бұл кезеңде...

[!\[Юлия Галышева\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/01/20140116095103-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/01/20140116095103.jpg)

Америкадағы Лэйп Плэсидте могулдан Әлем кубогының кезеңі өтті, деп хабарлады Sports.kz.

Бұл кезеңде 23.90 көрсеткішімен канадалық Жюстин Дюфур-Лапуан топ жарды. Американдық Хайди Клозер (23.50) екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті АҚШ өкілі могул спорты бойынша әйелдердің көшбасшысы Ханна Кирни (23.13) тұйықтады.

Қазақстандық Юлия Галышеваға 5 орын бұйырды.

Әлем Кубогы есебінде Галышева 180 ұпаймен 6 орынға тұрақтады. Ал 40 ұпайға ие болған оның отандасы Дарья Рыбалова 25 сатыға орналасты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lem-kubogy-aza-standy-yuliya-galysheva-fristayl-sporty-boyynsha-5-orynda-396116](https://yvision.kz/kk/post/lem-kubogy-aza-standy-yuliya-galysheva-fristayl-sporty-boyynsha-5-orynda-396116)