---
title: "Әлем чемпионатының алқа иегерлері"
description: "Әлем чемпионатының алқа иегерлері Жарияланды: 15.12.2015 Маңғыстау облыстық ІІД «Арлан» арнайы жа..."
author: "DVD_Mangistau"
published: "2016-05-31T00:13:22+00:00"
modified: "2016-05-31T00:13:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lem-chempionatyny-al-a-iegerleri-695552"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lem-chempionatyny-al-a-iegerleri-695552/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әлем чемпионатының алқа иегерлері

> Әлем чемпионатының алқа иегерлері Жарияланды: 15.12.2015 Маңғыстау облыстық ІІД «Арлан» арнайы жа...

# Әлем чемпионатының алқа иегерлері Жарияланды: 15.12.2015

***[!\[Актау Спецназ бронза (2)\](http://press.mediaovd.kz/kz/wp-content/uploads/2015/12/Aktau-Spetsnaz-bronza-2-250x214.jpg)](http://press.mediaovd.kz/kz/wp-content/uploads/2015/12/Aktau-Spetsnaz-bronza-2.jpg)Маңғыстау облыстық ІІД «Арлан» арнайы жасағының сарбаздары Ресейдің Медын қаласында әмбебап жекпе жектен өткен Әлем Чемпионатында қола жүлделерге ие болды. Елге келіп, қызметіне кіріскеннен соң жүлдегер сарбаздарды департамент бастығы Қайрат Дәлбеков марапаттады.*** Чемпионатқа әлемнің 39 елінен 150 сайыскер қатысқан екен. Қазақстаннан аталған жарысқа Астана, Алматы, Байқоңыр және Ақтау қалаларынан 13 спортшы барыпты. Маңғыстау облыстық ІІД «Арлан» арнайы жасағының сарбаздары Айболат Мұратұлы мен Асхат Амановтар үшін бұл аталған спорт түріндегі алғашқы жеңістері емес еді. Әмбебап жекпе жек дегеніміз – спорттың кешенді түрі. Мұндағы бірінші сынақ – кедергілер жолағынан өту. Қатысушылар азғана уақыттың ішінде бірнеше спорттық снарядтардан өтіп үлгеруі тиіс. Жерлестеріміз пышақ қадау және пневматикалық қарудан ату жарысында жақсы көрсеткіштер көрсеткен. Рингтегі жекпе жектер кезінде де олар үздіктердің сапынан табылған. – Мұндай мәртебесі жоғары жарысқа қатысу үшін күш пен ептілік аз, оған қоса табандылық пен төзімділік те керек. Ал бұл жылдар бойы қалыптасатын дағды. Сондықтан да қылмыскерлерді ұстаудағы жұмыс тәжірибемнің де бұл тұста үлкен рөл онағаны анық. Өйткені, ондай кездерде де басыңды қатерге тіге отырып, қаншама кедергілерден өтіп, шапшаңдық пен ептілік танытуға тура келіп жатады. Менің салмақ дәрежем – 95 келіде өңкей күші тасып, жұлқынып тұрған қарсыластар болды. Сонда да болса, қолаға қол жеткізе алдым, – дейді Айболат Мұратұлы. Асхат Аманов 85 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Ол төрт рет жекпе жек өткізіп, кезек-кезегімен Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменистан елдерінің спортышарын қапы қалдырған. – Ия, әзірге қоланы місе тұтуға тура келіп тұр, бірақ, бұл олқылықтың да орынын толтырып, алтынға қол жеткізетін боламыз. Біздің еліміз үшін әмбебап жекпе-жек әзірге спорттың жаңа түрі болып табылады. Сол тұрғыда 39 елдің ішінен үшінші орын алу дегенің жақсы бастама, – дейді Асхат Аманов. Жалпыкомандалық сынақта бірінші орынды Ресей құрамасы алыпты, екінші орын әзербайжандықтарда, ал Қазақстан арнайы жасақ сарбаздары үздіктер үштігін бекітті. Айболат Мұратұлы мен Асхат Амановқа «Әмбебап жекпе жектен Әлем чемпионатының үшінші орын иегері» алқалары табыс етілді. Ал Маңғыстау облыстық ІІД бастығы Қайрат Дәлбековке Unifigһt Халықаралық әуесқой федерация президенті атынан «Қазақстан Республикасының спорттық құрама командасына көрсеткен көмегі үшін» Алғыс хат берілді. **Шолпан Юлдашева** **Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lem-chempionatyny-al-a-iegerleri-695552](https://yvision.kz/kk/post/lem-chempionatyny-al-a-iegerleri-695552)