---
title: "Лекторлық топ мүшелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді"
description: "2019 жылдың 25 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Аген..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-05-02T05:20:07+00:00"
modified: "2019-05-02T05:20:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lektorly-top-m-shelerine-arnal-an-seminar-ke-es-tkizildi-831615"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lektorly-top-m-shelerine-arnal-an-seminar-ke-es-tkizildi-831615/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Лекторлық топ мүшелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді

> 2019 жылдың 25 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Аген...

2019 жылдың 25 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшылығымен аудандық «Парасыз болашаққа. Бірге!» (В будущее без взяток. Вместе!) ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтарының лекторлық құрамы мүшелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді.

Аталған отырысқа аудандық мобильді тобының мүшелері бейнеконференцбайланысы арқылы қосылды.

Семинар-кеңес барысында лекторлық топ мүшелеріне арналған оқыту жұмыстары оздырылып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамасы және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының негізгі бағыттары таныстырылды.

Сонымен қатар, аталған іс-шара ағымдағы жылдың 29 сәуірде облыстық «Парасыз болашаққа. Бірге!» (В будущее без взяток. Вместе!) ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының лекторлық құрамы мүшелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді.

Шара барысында мобильді тобының мүшелері мен қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерімен алмасып, лекторлық топ мүшелеріне әдістемелік құралдар таратылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lektorly-top-m-shelerine-arnal-an-seminar-ke-es-tkizildi-831615](https://yvision.kz/kk/post/lektorly-top-m-shelerine-arnal-an-seminar-ke-es-tkizildi-831615)