---
title: "Өлең"
description: "Тарықса жаным, Ауырса тәнім, Сүйеуім бар демейтін. Ол болса менде, Қозғалса жер де: «Бұ не бо..."
author: "aydyn"
published: "2018-02-15T11:53:45+00:00"
modified: "2018-02-15T11:53:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/le-796769"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/le-796769/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өлең

> Тарықса жаным, Ауырса тәнім, Сүйеуім бар демейтін. Ол болса менде, Қозғалса жер де: «Бұ не бо...

Тарықса жаным, Ауырса тәнім, Сүйеуім бар демейтін. Ол болса менде, Қозғалса жер де: «Бұ не болды?» – демейтін Жан сүйгенім – ол да өлең, Жете алмасам, жолда өлем! Жанымның жаны, Тәнімнің қаны, Тіршілігім сенімен. Ойландым – тоймадым, Іздедім – қоймадым, Кеңес біраз менімен. Естісе сені – жан иір, Бағаң білмес көп сиыр!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/le-796769](https://yvision.kz/kk/post/le-796769)