---
title: "Лай көшкіні басқан үйдің тұрғындары оның ішінде қалып қойған - Ерболат Досаев"
description: "Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев лай жылжыған аумаққа барып, ондағы аршу-құтқару жұмыстарымен..."
author: "jan.123"
published: "2024-02-08T03:10:49+00:00"
modified: "2024-02-08T03:15:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lay-k-shkini-bas-an-ydi-t-r-yndary-ony-ishinde-alyp-oy-an-erbolat-dosaev-1000828"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lay-k-shkini-bas-an-ydi-t-r-yndary-ony-ishinde-alyp-oy-an-erbolat-dosaev-1000828/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Лай көшкіні басқан үйдің тұрғындары оның ішінде қалып қойған - Ерболат Досаев

> Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев лай жылжыған аумаққа барып, ондағы аршу-құтқару жұмыстарымен...

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев лай жылжыған аумаққа барып, ондағы аршу-құтқару жұмыстарымен танысты.

![Лай көшкіні басқан үйдің тұрғындары оның ішінде қалып қойған - Ерболат Досаев](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/4af9183a75ee5a8a840827d7ac8ca9.jpg)

Фото: ҚР ТЖМ

Досаев лай басқан үйдің тұрғындары ғимараттың ішінде қалып қойғанын айтты.

"Ең бастысы - іздеу-құтқару жұмыстары. Болжам бойынша осы үйде тұрған адамдарды іздейтін барлық мобилизациялық топтардың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету керек", - деді әкім.

Көршілерінің айтуынша, үйде 4 адам тұрған.

Алматыда лай көшкіні болып, оның үйлерге жеткенін бұрынырақ хабарлағанбыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lay-k-shkini-bas-an-ydi-t-r-yndary-ony-ishinde-alyp-oy-an-erbolat-dosaev-1000828](https://yvision.kz/kk/post/lay-k-shkini-bas-an-ydi-t-r-yndary-ony-ishinde-alyp-oy-an-erbolat-dosaev-1000828)