---
title: "Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»"
description: "Айжан Кәрібаева журналист Лаура Мырзақоңырова Ақтау қаласында тұратын қазақтың қарапайым қызы. Қазі..."
author: "Arsik"
published: "2013-10-29T22:27:13+00:00"
modified: "2014-01-08T04:00:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/laura-myrza-o-yrovany-d-mdi-lemi-382368"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/laura-myrza-o-yrovany-d-mdi-lemi-382368/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»

> Айжан Кәрібаева журналист Лаура Мырзақоңырова Ақтау қаласында тұратын қазақтың қарапайым қызы. Қазі...

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/tk1cz4XVURxoFMwCL11768lKaMdf4W.jpg)

**Айжан Кәрібаева**

журналист

***Лаура Мырзақоңырова** Ақтау қаласында тұратын қазақтың қарапайым қызы. Қазірде Маңғыстау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Ал бос уақытында жанұясын тәтті тағамдарымен қуантып, оның жасалу жолдарын басқа да қыз-келіншектермен өз блогында бөлісіп отырады. Бүгінде Лаура бізге [damdialem.blogspot.com](http://damdialem.blogspot.com/) блогы жайлы айтып беріп, арнайы «Екпін» үшін ерекше бір тәттісінің жасалу жолын көрсетті.*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/xB6oI27EP93HKQV9V8emeKG0j6a147.jpg)

*

**- Жалпы аспаздық блогын жүргізу идеясы қалай келді? Блогты қашаннан бастап жүргізе бастадыңыз?**

- Барлығы [инстаграмға](http://instagram.com/laukinti) әзірлеген тағамдарымның және тәттілерімнің суреттерін қоюдан басталды. Инстаграмдағы достарым сурет қойған сайын рецепт сұрайтын болды, рецепті бір жаздым, екі жаздым, соңында өзім шаршап кетіп, ойыма бір блог ашу келді. Сөйтіп компьютер алдына отырып, бірден блог ашуды жөн көрдім. Блогты қалай атарымды білмей, таңға дейін отырғаным әлі есімде (күліп). Ұйқы қысып бара жатса да, "блогты ашпай, ұйықтамаймын" дедім, әйтеуір таңға жақын **"Дәмді әлем"** деген атау ойыма сап ете түсіп, блогымды сонымен солай атап кеттім. Міне, осы айда блогыма 1 жыл болды, 1 жылдың ішінде 100 рецепт салып үлгеріппін.

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/HC81f03Ie1S5c3j6HZMiecx41mqgD0.jpg)

**- Блог жүргізудің жалпы өзіңізге қандай пайдасы тиеді?**

- Негізі блогтың маған тиер ешқандай пайдасы жоқ, бұл тек менің хоббиім және де қыз-келіншектерге көмек болсын деген ниет!

**- Қанша жасыңыздан бастап тағам әзірлеуді үйрендіңіз? Біреу үйретті ме?**

- Алғаш рет тамақты 3-сыныпта оқып жүргенімде, яғни 9 жасымда жасағанмын, інім "дұрыс піспеген" деп сын айтқан еді. Жалпы әр қыз баланың тағам пісіруде алғашқы ұстазы анасы болады, менің де алғашқы ұстазым ол - аяулы анам! Анам - аспаз! Бала кезімнен үнемі қасында жүріп, неше түрлі тағамдарды жасауды үйрендім ол кісіден.

**- Көбінесе қай елдің асханасы ұнайды? Қандай тамақтарды жасағанды ұнатасыз?**

- Маған ащы тағамдар ұнайды, сондықтан қытай тағамдарын жаным сүйеді. Үйде де анда-санда қытайдың тағамдарын жасап тұрамын, себебі жолдасым да ұнатады. Көбінесе қою тағамдардан гөрі сорпаны жақсы көремін, қажет болса аптасына 7 рет болса да жасай беруші едім.

**- Блогыңыздағы жеңіл рецептерді қайдан табасыз?**

- Негізі тағамдарды бала кезімнен жақсы жасасам да, тәттілерді пісіруді күйеуге шыққан соң бастадым. Басында көмекшім интернет болды, гуглдан шықпайтын едім, кейін кейбір рецептер ойдан да шыға беретін болды, бірақ кейде ерекше бір нәрсе пісіргім келсе, интернеттен қарайтынымды жасырмаймын.

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/HMJVy5yX57VdXAM5GFiNcG06W9SC33.jpg)

**- Жалпы өз тәжірибеңізден шыққан тамақ жасаудағы 1-2 құпияларыңызбен бөліссеңіз?**

- Тамақ жасау да бір өнер! Бірақ кез келген адам, тамақты Аллаһтың атымен, яғни "Бисмиллаһ" сөзімен бастаса, жасалған тағамның дәмді болатынына күмәнім жоқ. Құпияға келер болсақ, тағамның ең маңызды бөлігі ет екені бәрімізге мәлім, яғни тағамның дәмді болып-болмауы еттің дәмді пісуіне байланысты.

Бір-екі рет қыздар менен қуырылған еттің жасалу жолын сұраған болатын. Негізі құпия дейтіндей құпия емес, кеңес дейінші, етті қызған майға салып қуыру керек, 2-3 минут қуырғаннан кейін тұз салу қажет, кейбіреулері ет қатайып кетеді деп, тұзды ет піскеннен кейін салуға кеңес беріп жатады, бірақ маған сеніңіздер, бірден тұз салсаңыз, ет піскенше тұзы сіңіп, дәмі керемет болады. Сонымен етті қуыру барысында тұздап, өзінің шырыны шығып, таусылғанша қатты отта пісіру керек. Шырыны таусылып, ет қазанға жабыса бастағаннан бастап, 1 стақан су құйып, отты баяулатып, жай отта суы таусылғанша пісіресіз, барлық құпия осы!

**- Басқа да қандай хоббиларыңыз бар?**

- Жұмыстан келгенімде тек қана тамақ жасауға және балаларға қарауға ғана әлім жетеді, сондықтан хобби дейтіндей басқа нәрселерге көңіл бөлмеймін де. Бірақ анда-санда ән айтып қоямын, бала кезімдегі арманым әнші болу еді.

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/SPc9446yoLXPR1KYbdpPKtR07VTII9.jpg)

**- Тамақ жасауды қиынсынатын немесе қолымнан келмейді дейтін қыздардың құлшынысын арттыру үшін қандай кеңес айтар едіңіз?**

- Қыз-келіншектерге айтар кеңесім, тәтті тағам әзірлеу кез келгендеріңіздің қолынан келеді, тек ең бастысы ықылас болуы керек. Бір жасағаннан бәрі керемет болып шыға келмейді, менде де кезінде дәмсіз тағамдар, езіліп кеткен күріш, күйіп кеткен ет, шикі піскен тәттілер болды, бірақ оған қарамастан мен қайта-қайта сол тағамды жақсы шыққанға дейін жасай бердім, менің қолымнан келді, ендеше сіздердің де қолдарыңыздан келеді деген сөз! Ең бастысы, нәтиже шыққанға дейін еңбек ету, сол кезде көздеріңізді жұмып тұрып-ақ дәмді тағам жасап, қазір мен ұқсап, басқа қыз-келіншектерге кеңес беріп отырасыздар.

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/uGNk7SdVtOCdDdWp2x8fj4T4mF00oQ.jpg)

*Бұл тортты арнайы **"Екпін"*** *журналы* *үшін жасадым.*

*Торттың түрі шынымен де* *бархатқа ұқсайды. Дәмі де* *түріне сай жақсы* *деп айта* *аламын. Дастарханыңыздың* *сәні* *болады.* *Сондықтан осы* *тортты жасап* *қонақтарыңыздың* *қуанышына бөленіңіз!*

***Құрамы:***

*Жұмыртқа - 4 дана*

*Қант - 1 стақан*

*Сүт - 1 стақан*

*Маргарин - 200гр*

*Ұн - 2,5 стақан*

*Разрыхлитель - 1*

*Ванилин - 1*

*Қызыл бояғыш (пищевой краситель) - 0,5 шай қасық*

* *

*Кремі үшін:*

*Ақуыз - 2 дана*

*Қант - 1,5 стақан*

*Лимон тамшысы 4-5*

*Су - 0,75 мл*

* *

*Арасына:*

*Консервіленген жемістер*

*Киви - 2 дана*

*Үстіне - қант пудрасы*

* *

*Алдымен жұмыртқаға қант салып, миксермен көпіртіп араластырамыз.*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/LSTDmtD6djTCay9UCB2nKEqTEdwgk7.jpg)

*

*Маргаринді ерітіп,*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/T8Vu1pRj8Ms8zq3phUsFJnGcy7NKPc.jpg)

*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/Wr8hxRu3ABCbhhXi3pFPlT2BxgDo9C.jpg)

*

*көпірген жұмыртқа және қантқа құйып,*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/0HZMpMOz7v5pSFOWbSF69679820qkI.jpg)

*

*араластыра береміз.*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/cPnKDThUEp3hPWG9tHUzPZIl1534yD.jpg)

*

*Енді сүт құямыз.*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/P859Et3rA2YYbja1K2Rt4Uc0n80q8l.jpg)

*

*оны да араластырып,*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/DZGxe360Jk65fhQQ64g35pMxsM2U5y.jpg)

*

*бояғыш саламыз.*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/ap57WWIAWs48Zv1sp29r1N6ScM2g2P.jpg)

*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/grj8llopb4AVvM4CNpNQP8tBa1NWse.jpg)

*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/tenSgqXBNZ22NTgcxqHy29V6q4pS5w.jpg)

*

*Барлығы қызыл түске боялғанға дейін араластырамыз.*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/Zdbu0LyotqIPp7ZaObr915T7UnIB1f.jpg)

*

*Ұн салып,*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/cY1hEb0057a1ewh4aKf3e3sfvgO2b0.jpg)

*

*араластырамыз.*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/Zt4STy4g08gYXnw4O63zEMX82FYPdF.jpg)

*

*Формамызға құйып,* *180°-та 45 минут шамасында пісіреміз.*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/G145W5JobWol2KF716CVDLUVS56mhG.jpg)

*

*Салқындағанша күтеміз, үстінгі артық биіктеу бөлігін кесіп алып тастаймыз.*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/w15nJ46Lr3PDFcQnVt7Pu8DPbddIGv.jpg)

*

*Блендерға салып,*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/lKREeOlN1irKKzQrpxkI52O3sm2s3g.jpg)

*

*ұсақтаймыз.*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/3h9ug5OBEUl3FS1tmKKOllqkP7VfC8.jpg)

*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/q9QXaR7y8a4o1cJ0NZmzXAE2gY7PNn.jpg)

*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/00UA9oBi7i94m7VBz9mVfr4yaM6ZsU.jpg)

*

*Дайын тәттімізді екіге бөліп,*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/ktS9Ua0Tm1eO55is7bHmwi0kDt28c6.jpg)

*

*кивиді тураймыз.*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/3dvnjFScfiFv7xTL1UY3r5HVTctBk7.jpg)

*

*Консервідегі жемістер осындай!*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/CH26R3qsbkuTW5ywRY0BR1tN9bUEqO.jpg)

*

*Осылай дайындап қоямыз да,*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/gY7k8070YlSlX351Uv7nO1Yfq6dIS2.jpg)

*

*крем дайындаймыз. Кремді дайындау жолы [damdialem.blogspot.com](http://damdialem.blogspot.com/search/label/%D0%9A%D1%80%D0%B5%D0%BC%D0%B4%D0%B5%D1%80)'да бар. Бірінші ақуызды миксермен көпіртіп,* шамамен 7-8 минут араластырамыз. Ақуыз аппақ қардай болып қоюлануы керек. 1,5 стақан қантқа 0,75 мл су құйып, лимон тамшыларын тамызып қайнатамыз. Қайнату уақыты 5-10 минут арасында болады. Яғни шәрбеттің түсі біраз сарғайып қоюланса, дайын деген сөз! Сол қайнаған шәрбетті аппақ ақуыздың үстіне жайлап құйып тұрып, миксермен тоқтамастан араластырамыз. Крем әбден қоюланғанша тоқтатпау керек. Сонымен төмендегідей қою крем шығуы тиіс.

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/Gdi9Ic5wpRB44gqw4fog7O44j8553H.jpg)

*

*Екіге бөлінген тәттінің үстіне крем жағып жемістерімізді жайғастырып, екінші бөлігімен жабамыз да,*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/9so8M9q9509zpP7KA8jr94wm1gj1cI.jpg)

*

*осының үстіне крем жағамыз. Мен үстіңгі кесілген бөлігін астына жібердім де, астын үстіне қараттым, сондықтан беті тегіс болып тұр суретте.*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/7q9e9fY4QRRrY7elSQc6jp8XHZBc7c.jpg)

*

*Тәттімізді толықтай креммен қаптап тастаймыз.*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/IEAWxN0DRonMGUCcHUj8SGHJo8EpeQ.jpg)

*

*Ұнтақтарды жанына және үстіне сеуіп, қаптаймыз.*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/fv7AHARA29kOea934B3UR5HPtFgrJ5.jpg)

*

*Енді жазуды бетіне қалай түсіру керектігін түсіндіріп кетейін. Бір қағазға керекті жазуды жазып,*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/9yUNIKPNOk57ZWtkAuP8GF4yNU1vtM.jpg)

*

*ойып алып тастаймыз.*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/5A8KC3885UHMJ11h7Gc8Hyv54rHl2l.jpg)

*

*Дайын торттың үстіне*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/o9z6H4VTQ243IG6JVuMkiwRRq07Tui.jpg)

*

*қағазымызды қойып,*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/ik1CYsY65Bz762GPLeqYsrrh2MeuVI.jpg)

*қант пудрасын сеуіп шығамыз.*

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/vGOLMmK707570CDM1g8n2F5hY4Z8Zr.jpg)

*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/4pH03CRfhFSP1iN5kNm2rCihAez9f4.jpg)

*Осындай жазу шығады.*

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/xpb26EKuM00AJ8K2W62Fr5IR5T87Ue.jpg)

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/763ljbP4TfOmP3MC2i8n71UUSAyY6F.jpg)

![Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/skMZrmU92ZR5gskKGRanGcD5tmDS57.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/laura-myrza-o-yrovany-d-mdi-lemi-382368](https://yvision.kz/kk/post/laura-myrza-o-yrovany-d-mdi-lemi-382368)