---
title: "Құлақтан кіріп , бойды алар..."
description: "Эксперимент ,«Моцарт Эффекті» . Тышқандарға екі ай бойы, күніне 12 сағат Моцарттың соната до-мажорын..."
author: "karimova__"
published: "2016-01-27T09:06:17+00:00"
modified: "2016-01-27T09:11:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/la-tan-kirip-boydy-alar-675367"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/la-tan-kirip-boydy-alar-675367/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құлақтан кіріп , бойды алар...

> Эксперимент ,«Моцарт Эффекті» . Тышқандарға екі ай бойы, күніне 12 сағат Моцарттың соната до-мажорын...

Эксперимент ,«Моцарт Эффекті» . Тышқандарға екі ай бойы, күніне 12 сағат Моцарттың соната до-мажорын тыңдатқан екен. Сосын тышқандардан "ұнады ма?" — деп сұраған. Сөйтсе олар "Ұнады" — деген екен. Қалжындаймын , олай емес. Әуенді күнде тындаған тышқандардың ақыл естері дамып ,лабиринтті 27%-ға тезірек өтіп, оны өту кезінде 37%-ға кем қателіктер жасаған екен. Достар, байқағандарыңыздай бүгіңгі менің қозғайын деп отырған тақырыбым музыкаға арналады.

*Өз басым күнді әуеннен бастап әуенмен айяқтаймын. Таңертен ұйқыдан оянып ,өзімді сергек сезіну үшін телефоныма көбіне көңілді әуен орнатамын. Ал содан кейіңгі , күні бойы өзіме серік болатын әуендер көңіл күйіме байланысты. Қазір құлаққап (наушник) кимесең , сынды бір үстіңе киім кимегендей сезінесін өзінді. Қоғамдық көлікке кірсең болды бір-бірімен әңгімелесіп у-шу болып отырған адамдар да жоқ. Түгелі дерлік әуен тындап, терезеге үңіліп отырады. Мен сондайлардың бірімін.*

*Рок, джаз, поп, шансон, кантри , романс ,диско, шлягер , хип-хоп, блюз . Осы аталған музыкалық жанрдағы әуендердің әрқайсысының өзінің сүйіп тындайтын аудиториясы бар. Ең қызығы , адам қандай музыка тындаса оның мінез –құлқы да, киім кию үлгілері де соған сай болатын секілді. Ал музыкалық талғамдары бірдей адамдардың өмірдегі қызығушылықтары да бірдей болады. Музыка адамды емдейтіндігі , адам жаны үшін рухани азық болатыны ғылымда баяғыда –ақ дәлелденген.*

*Кез-келген адамның музыкаға деген құштарлығы бар десем қате айтпағаным.*

*Бұл ретте бастысы талғам! Менің ойымша, музыканың қай бағытын таңдайтындығына адамның жасы, жынысы мен ұлты әсер етеді. Үлкен кісілер қазіргі кезде көп жастар тындайтын тарс-гүрс әуендерден қандай ляззат алатындығын түсінбейтіні де осыдан болар. Дегенімен, талғамға талас жоқ.*

*Өз басым классикалық әуендерге жаным жақын. Кейде қиын сәттерде адамдармен тілдесуден көрі , жақсы әуен тындағанды жөн көремін. Қуанышты сәттерде де музыка серігім. Бірақ , бұл мен көңілді ән тындамаймын деген сөз емес. Көнілді әндерді де талғаммен тандай білу керек секілді. Көпке топырақ шашпаймын әрине, бірақ , көбіміз қазір арзаң көңілге , жеңіл –желпі әндерге құмармыз. Бұл ретте , бір-екі ән жазып өзін*

*“жұлдызбын” деп жүрген әншісымақтар кінәлі ме, әлде сол кісілерді сондай дәрежеге көтеретін “талғампаз” тындармандар кінәлі ме ,білмеймін. Бір білетінім ондай әндер жиі шыққанымен ,тез ұмытылады. Өйткені тындарманды мән- мағынасымен емес, ырғағымен ғана баурайды.*

*Енді сіздерге бір қызық айтайын, менің кішкентай 4 жасар сіңілім , “Дэлия, сенің сүйікті әншің кім ?” деген сұраққа мүдірместен толып жатқан бір топ әншілердің аттарын атайды. Топты бастайтын Қайрат ағам әрине. Сол кісінің әндерін ырғаққа салып айтып , билеп , есі шығады . Кейде балалар махаббат жайлы әндерді айтуға неге құмар .Неліктен бүгінгінің балалары «Жазда апасының ауылына барғанда , алдынан шығатын қошақан жайлы» , « Айгөлек», «Қуырмаштарды» менсінбейді деп ойлап қоямын. Сөйтсе , балаларға арналған әндер тіпті аз екен. Бар болса да , көбіне «немерем», «балапаным» секілді арнау әндер. Мүмкін жаңа ұрпақ үшін жаңа балаларға арналған әндер керек шығар? ...*

*P.S Туғаңда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең . Адамның өмірі өлеңнен тұратынын Абай атамыз кезінде-ақ айтып кеткен. Әуеннің күші барлық адам үшін ортақ . Оны тілсіз, көзсіз түйсінуге болады. Әдемі әуендердің мүмкіндіктері , оның саналы жан иесіне беретін, ұсынатын игіліктері шексіз. Қуаныш, сағыныш, мұң, жігер , махаббат осының барлығын сезіну үшін әуен керек, сезім керек.*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/la-tan-kirip-boydy-alar-675367](https://yvision.kz/kk/post/la-tan-kirip-boydy-alar-675367)