---
title: "Лаңкестер Еуро-2024 матчтарына дронмен шабуыл жасауы..."
description: "Германияда өтетін футболдан Еуро-2024 матчтарына дрон арқылы лаңкестік шабуыл жасалуы мүмкін. Бұны Bild-ке арнайы қызметтегі ақпарат көздері хабарлаған. Фото: overclockers.ru «Украинадағы соғыс пен Парсы шығанағындағы азаматтық кемелерге..."
author: "jan.123"
published: "2024-03-31T06:04:56+00:00"
modified: "2024-03-31T06:04:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/la-kester-euro-2024-matchtaryna-dronmen-shabuyl-zhasauy-m-mkin-1002853"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/la-kester-euro-2024-matchtaryna-dronmen-shabuyl-zhasauy-m-mkin-1002853/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Лаңкестер Еуро-2024 матчтарына дронмен шабуыл жасауы...

> Германияда өтетін футболдан Еуро-2024 матчтарына дрон арқылы лаңкестік шабуыл жасалуы мүмкін. Бұны Bild-ке арнайы қызметтегі ақпарат көздері хабарлаған. Фото: overclockers.ru «Украинадағы соғыс пен Парсы шығанағындағы азаматтық кемелерге...

*Германияда өтетін футболдан Еуро-2024 матчтарына дрон арқылы лаңкестік шабуыл жасалуы мүмкін. Бұны Bild-ке арнайы қызметтегі ақпарат көздері хабарлаған.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/efed8cb2b6431bea4be23e4a26e484.jpg)

Фото: overclockers.ru

«Украинадағы соғыс пен Парсы шығанағындағы азаматтық кемелерге хуситтердің шабуылы осы дрондардың мықты қаруға айналғанын көрсетеді», – деп жазған басылым.

Енді лаңкестік қаупіне байланысты Германияда футболдан Еуропа чемпионаты кезінде бүкіл елде дрон қолдануға тыйым салынуы мүмкін.

Айта кетейік, Еуро-2024 чемпионаты 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияның 10 қаласында өтеді. Олар – Берлин, Дортмунд, Дюссельдорф, Гамбург, Гельзенкирхен, Кельн, Лейпциг, Мюнхен, Франкфурт және Штутгарт.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/la-kester-euro-2024-matchtaryna-dronmen-shabuyl-zhasauy-m-mkin-1002853](https://yvision.kz/kk/post/la-kester-euro-2024-matchtaryna-dronmen-shabuyl-zhasauy-m-mkin-1002853)