---
title: "Ұлағат Ақжолтай: Мақсатым – қазақ мүсін өнерінің дамуына үлес қосу"
description: "Ол - Мәскеудегі Суриков атындағы академиялық көркем сурет институтына ең жоғары 421 балмен 30 жылдан..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-09-03T01:07:06+00:00"
modified: "2015-09-03T01:07:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/la-at-a-zholtay-ma-satym-aza-m-sin-nerini-damuyna-les-osu-535900"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/la-at-a-zholtay-ma-satym-aza-m-sin-nerini-damuyna-les-osu-535900/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлағат Ақжолтай: Мақсатым – қазақ мүсін өнерінің дамуына үлес қосу

> Ол - Мәскеудегі Суриков атындағы академиялық көркем сурет институтына ең жоғары 421 балмен 30 жылдан...

Ол - Мәскеудегі Суриков атындағы академиялық көркем сурет институтына ең жоғары 421 балмен 30 жылдан соң қабылданған жалғыз қазақ баласы.

![Ұлағат Ақжолтай: Мақсатым – қазақ мүсін өнерінің дамуына үлес қосу](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/I6xY092C7bL48ooGZ98nqOOs5aZWGH.png)

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі Ұлағат Ақжолтай Мәскеудегі Суриков атындағы академиялық көркем сурет институтына ең жоғары 421 балмен 30 жылдан соң қабылданған жалғыз қазақ баласы.

Колледж қабырғасында жүргенінде-ақ, ерекше қабілетімен көзге түскен студенттің шығармалары кәсіби мамандардың жоғары бағасын алған. Ол Көкшетау қаласында өткен жас мүсіншілер байқауының бас жүлдесін жеңіп алса, 2013 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы көркемсурет байқауының жеңімпазы.

«Өнерге деген адалдығы жоғары. Болашақта қазақ өнерін дамытуға үлесімді қосамын дегенде ұстаз ретінде қатты қуанамын»,-дейді мүсін өнері бойынша жетекшісі Нұрғалым Баймұхаммедұлы.

Ұлағат сондай-ақ, бірнеше мәрте «Арт-самғау» көркем сурет фестиваліне қатысқан. 2014 жылы «Келін» атты композициясы ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен жарыққа шыққан «Балалар әлемді бейнелейді» атты альбомға енгізілді.

«Үлкен профессорлар жұмыстарымды көрген кезде «Сенде бірнәрсе бар», деді. Бұл – менің осында оқып жүрген кезде ұстаздарымның берген тәлімінің нәтижесі. Менің басты мақсатым – шетелде білім алып, еліме оралып еңбек ету. Бар білімімді өзімнен кейінгілерге үйретіп, қазақ мүсін өнерінің дамуына үлес қосқым келеді»,-дейді жас өнерпаз.

Толығырақ [«Таңшолпаннан»](http://itube.kaztrk.kz/tankaz/) көріңіз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/la-at-a-zholtay-ma-satym-aza-m-sin-nerini-damuyna-les-osu-535900](https://yvision.kz/kk/post/la-at-a-zholtay-ma-satym-aza-m-sin-nerini-damuyna-les-osu-535900)