---
title: "Ләлә Бақытнұрқызы: Арманым – дүниенің сахнасында қазақтың әнін насихаттау"
description: "Қытай Халық Республикасынан келген әнші, Бибігүл Төлегенованың шәкірті Ләлә Бақытнұрқызы бүгін «Таңш..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-06-26T04:48:00+00:00"
modified: "2015-07-02T19:13:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/l-l-ba-ytn-r-yzy-armanym-d-nieni-sahnasynda-aza-ty-nin-nasihattau-518356"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/l-l-ba-ytn-r-yzy-armanym-d-nieni-sahnasynda-aza-ty-nin-nasihattau-518356/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ләлә Бақытнұрқызы: Арманым – дүниенің сахнасында қазақтың әнін насихаттау

> Қытай Халық Республикасынан келген әнші, Бибігүл Төлегенованың шәкірті Ләлә Бақытнұрқызы бүгін «Таңш...

Қытай Халық Республикасынан келген әнші, Бибігүл Төлегенованың шәкірті Ләлә Бақытнұрқызы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

![Ләлә Бақытнұрқызы: Арманым – дүниенің сахнасында қазақтың әнін насихаттау](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/Px4GXIlkTPZAXrBUAvThY6s0F8rJ9m.jpg)

«Өнерлілер отбасында дүниеге келгенмін. Әкем – сазгер, әнші, анам – Қытайға танымал биші. Ата-анам мені үш жасымнан бастап өнерге бейімдей бастады. Фортепиано, ән, би, домбыраны үйретті. Ал, сахнаға 12 жасымнан шықтым».

Ән мен би өнерін қатар алып жүрген Ләлә Бақытнұрқызы: «Маған екі бағыт та жақын. Ыңғайы келсе, сахнада екеуін де орындап бергім келіп тұрады»,-дейді. «Бибігүл Төлегенова апайымды бала кезімнен үлгі тұтып келемін. Ол кісінің «Бұлбұл» әніне сол кезден ғашықпын.

«Есейгенде бұл әнді мен де айтамын», деген арманым болды. Бүгінде сол арманға қол жеткендей». «Арманым – дүниенің сахнасында қазақтың әнін, биін, ұлттық киімін насихаттау».

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/l-l-ba-ytn-r-yzy-armanym-d-nieni-sahnasynda-aza-ty-nin-nasihattau-518356](https://yvision.kz/kk/post/l-l-ba-ytn-r-yzy-armanym-d-nieni-sahnasynda-aza-ty-nin-nasihattau-518356)