---
title: "Әл-Фарабидің \"Бақытқа жету\" трактаты"
description: "Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Ба..."
author: "Aruzhan Artyk"
published: "2020-10-12T04:13:58+00:00"
modified: "2021-02-02T15:22:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/l-farabidi-ba-yt-a-zhetu-traktaty-868402"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/l-farabidi-ba-yt-a-zhetu-traktaty-868402/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әл-Фарабидің "Бақытқа жету" трактаты

> Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Ба...

Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» атты еңбеутерінің негізгі түпкі ойы- бақытқа жету туралы, сыйластық, адамгершілік, мейірімділік, ізеттік, құрмет жайында сөз қозғайды. Әл-Фараби бақытқа жету ұғымынның мәселелерін негізінен филосфиялық мәнмен ұштастырып қарастырған. Бақытқа жету- философияның алдыңғы шарттарының бірі болып есептеледі. Адам баласы, дүние есігін ашқаннан кейін, өмірін бақытқа толы сәттермен өткізуге тырысады. Негізінен адамдар бақытты болуды әркім әрқилы түсінеді. Мысалы: біреулері, артта ұрпақ қалдырып, мұрасын жалғастырғанды, біреулері, оқу оқып, білімді, ғалым болсам, біреуі, жоғары лауазымды адам болсам, бәріне сыйлы, атақты болсам,- деп сонда ғана бақытты боламын деп жатады. Алайда, менің ойымша бұның бәрі жақсы, Бірақ ең бірінші байлық-денсаулық демекші, 12 мүшеміз сау, ата-анамыз қасымызда, бауырларымыз аман- есен болса, міне осының өзі бақыт деп ойлаймын. Осының бәрі болса, қалған армандарымыз бен мақсаттарымыз орындалады. Әл-Фарабидің осы бір еңбегінде, бақытты болудын 3 түрін жазыпты. Онда: бірінші- адамның іс-әрекеті, яғни адам өзінің бақытқа жету жолында әрекет жасап ұмтылса, онда ол адам өзінің мақсатына жетеді. Екінші-жандүние сенімдері, мысалы: құштарлығы, ашуы, рахаты, қанышы, жабырқауы осының бәрі адамның жандүниесіне жатады. Үшіншісі- адамның ақыл-парасаты. Адам ақылды болса,яғни көп оқып іздемпаз болуы әрбір жетістікке жетелейді. Осының бірін бір жүйеге келтірсек, адамның әрекетшіл, ақыл- парасатты болуы, кемелдіктің жоғарғы сатысына көтерілуге септігін тигізсе, адам осы сатыға жете білсе, онда адам бақыттың жоғарғы сатысына қол жеткізеді.

Философиялық анықтамасы бойынша бақытты- адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Ал, Әл-Фараби бақытқа жетуді, адамның алға қойған мақсаттарын отындағанда ғана адам бақытты болады деген қортынды жасаған. Әл-Фараби осы еңбектерінде бақыт ұғымын төрт түрге бөліп қарастырған. 1. Жақсылыққа жету, даналық, 2. Қуаныш, рахат, 3.Өмірден өз орнын табу, 4. Бақ- дәулет. Міне, осы төрт шарт орындалса адам өзін бақытты санайды.

Әл-Фарабидің философиялық еңбектерә мен Аристотельдің еңбектерін салыстырсақ. Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық трактаттары мен Аристотельдің «Жан туралы» еңбегінде бақыт түсінігінің қарама- қайшы келетін тұстары кездеседі. Бірінде бақыт таза теориялық түрде берсе, екіншісінде, бақыт теориялық және практикалық түрде берілген.

Бір сөзбен қордынды жасасақ, Әл-Фараби бақытты болуды, өзінің алдына қойған мақсаттарына жетсе, адам өзінің бақытты санайды деп есептеген.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/l-farabidi-ba-yt-a-zhetu-traktaty-868402](https://yvision.kz/kk/post/l-farabidi-ba-yt-a-zhetu-traktaty-868402)