---
title: "әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті &quot; PR - мектебін&quot; ұсынады..."
description: "Еліміздегі ең алдынғы орында тұрған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетінің ЮНЕСКО, ..."
author: "ayaulym_tuymehan"
published: "2012-02-19T13:56:58+00:00"
modified: "2012-02-19T13:56:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/l-farabi-atynda-y-aza-ltty-universiteti-quot-pr-mektebin-quot-synady-227470"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/l-farabi-atynda-y-aza-ltty-universiteti-quot-pr-mektebin-quot-synady-227470/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті &quot; PR - мектебін&quot; ұсынады...

> Еліміздегі ең алдынғы орында тұрған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетінің ЮНЕСКО, ...

Еліміздегі ең алдынғы орында тұрған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы өз студенттеріне **" PR - мектебі" **атты студенттер клубын құрды. Бұл студенттер клубы 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. Клубтын басты бағыты - PR-қызметінің аға буын өкілдері мен студенттердің арасында байланыс ортанып, шығармашылық қарым-қатынастарға дәнекер болу, еліміздегі танымал PR- мамандарымен тәжірибе бөлісіп, PR**-**қызметінің бағытын зерттеу.

Ұйымға әр жыл сайын басшылық еткен ұстаздар: **2005 жылы - С.Х.Барлыбаева, 2006 жылы - А.А.Тілепбергенова, 2007 жылы - Г.С.Суцлтанбаева, 2009 жылы - М.Ө.Негизбаева, 2011 жылы - Ш.С.Нуржанова. **

Ұйымға белсенді қатысып, өз мамандықтары бойынша қазіргі кезде жұмыс істеп жүрген түлектер:** З.Ашимова, М.Коробкина, А.Турманова, Э.Асанова, Н.Черных, А.Кравченко, А.Калиев, А.Матаев және т.б.**

**P.S**. Мен, осы ҚазҰУ-нің журналистика факультетінің 1-курс студентімін. Менің мамандығым - қоғаммен байланыс. Осы студенттер клубы менің болашақ мамандығыммен тікелей байланысты болғандықтан, клубтын белсенді мүшесімін. Бұл клубтын өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, мен ең бірінші,өзімнің қоғаммен араласудағы ерешеліктерім мен кемшіліктерімді анықтадым және осы ерекшеліктерімді тиімді пайдаланып, ал кемшіліктерімді жоюға тырыстым. Екіншіден, өзіме мақсат қойдым және осы мақсатқа жеткізетін пирамида құрдым. Үшіншіден, аға буыннан тәжірибе алдым. Жалпы клубтын басқа клубтардан ерекшелігін айтатын болсам,бұл клуб адамды іскерлікке дайындайды. Клубтын болашағы жарқын екеніне еш күмәнім жоқ және бізге осындай мүмкіндіктер беріп жатқан ҚазҰУ-не алғысым шексіз.** **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/l-farabi-atynda-y-aza-ltty-universiteti-quot-pr-mektebin-quot-synady-227470](https://yvision.kz/kk/post/l-farabi-atynda-y-aza-ltty-universiteti-quot-pr-mektebin-quot-synady-227470)