---
title: "Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті"
description: "Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстандағы ең беделді университеттерінің бірі. Әлемд..."
author: "usergoogle110465871653962088653"
published: "2021-06-27T18:26:31+00:00"
modified: "2021-06-27T18:26:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/l-farabi-atynda-y-aza-ltty-universiteti-940105"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/l-farabi-atynda-y-aza-ltty-universiteti-940105/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

> Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстандағы ең беделді университеттерінің бірі. Әлемд...

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстандағы ең беделді университеттерінің бірі. Әлемдік аренада өзін көрсете білген озық университеттерінің бірі.

1991 жылдың 23 қазанда С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне ұлы ғалым, ойшыл және энциклопедист ғалым, «Шығыстың екінші ұстазы - Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі берілді.

Республикалық әл-Фараби ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік орталығы 1993 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің 1992 жылы 21 қазан № 407 Бұйрығы мен 1992 жылы 14 қазан Ғылыми Кеңес шешіміне сәйкес ашылды.

Университетте 16 факультет, 180 сала бойынша мамандар дайындайды.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік 2021 жылғы үздік көпсалалы жоғары оқу орындарын анықтады. Бұл рейтингте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің көпсалалы оқу орны арасында кезекті рет көш бастады.

Бұл рейтинг академиялық статистикалық көрсеткіштерді талдау, сарапшыларды бағалау және жұмыс берушілерге сауалнама жүргізу негізінде жасалады. ҚазҰУ барлық көрсеткіштер бойынша ең жоғары балл жинап, университеттің жоғары бәсекеге қабілеттілігін тағы да дәлелдеді.

ҚазҰУ QS WUR рейтингінде топ-200-ге кіріп, әлемнің үздік университеттері арасында кезекті рет көшбасшылық позициясын танытты. Посткеңестік елдерден бұл топқа тек екі университет – М.В.Ломоносов атындағы ММУ (78-орын) мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (175-орын) кіреді.

ҚазҰУ – әлемнің үздік топ-200 университеті қатарына алғаш енген және халықаралық академиялық сарапшылардың да, отандық жұмыс берушілердің де жоғары бағасын алған қазақстандық жалғыз жоғары оқу орны. Мұндай жетістіктер болашаққа үлкен сеніммен қарауға және жоғары мақсаттарға ұмтылуға мүмкіндік береді.

ҚазҰУ жаһандық ғылыми-білім беру қоғамдастығына белсенді ықпалдаса отырып, өз көрсеткіштерін әлемнің озық білім ордаларының халықаралық стандарттарына сәйкестендіру бағытында үлкен жұмыс жүргізуде. Әлемдік академиялық қоғамдастықтың мойындауы – университеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін растайды және оған ҚазҰУ ұжымының мыңдаған қызметкерінің әрқайсысы өз үлесін қосуда.

Биылғы жылы QS WUR институционалдық рейтингіне әлемнің 97 елінен 1300 жоғары оқу орны қатысты. Айта кету керек, ҚазҰУ пандемияның әсеріне қарамастан QS by Subject рейтингінде 11 пәндік сала бойынша позициясын жақсартты. Сондай-ақ ҚазҰУ өте жоғары бағаға ие болып, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» басымдық белгісін иеленген Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны атанды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасы 2курс студенті Куан А.Е.

Жетекшісі: Кантарбаева Ж.У.

www.kaznu.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/l-farabi-atynda-y-aza-ltty-universiteti-940105](https://yvision.kz/kk/post/l-farabi-atynda-y-aza-ltty-universiteti-940105)