---
title: "Қызылқоға ауданында өрт сөндіру депосы ашылды"
description: "Ғимараттың ашылу салтанатына аймақ басшысы Серік Шәпкенов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және сала мамандары мен ардагерл..."
author: "journalist_n"
published: "2024-11-27T06:01:26+00:00"
modified: "2024-11-27T06:01:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kyzylkoga-audanynda-ort-sondiru-deposy-ashyldy-1010274"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kyzylkoga-audanynda-ort-sondiru-deposy-ashyldy-1010274/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылқоға ауданында өрт сөндіру депосы ашылды

> Ғимараттың ашылу салтанатына аймақ басшысы Серік Шәпкенов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және сала мамандары мен ардагерл...

**Ғимараттың ашылу салтанатына аймақ басшысы Серік Шәпкенов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және сала мамандары мен ардагерлері қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.** ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/5925408fe0cb829d85321c07e9bd93f4.jpg?width=800&height=800)

> - Өрт сөндіру депосы аудандардың ішінен алғаш рет Қызылқоғада ашылды. Жаңа ғимарат қызылқоғалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Өрт сөндіру бөлімінің жаңартылған базасы аудан аумағында орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға тез әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді,- деді С.Шәпкенов.

Шара барысында ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов өрт сөндіру қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, олардың қауіпсіздік сақтаудағы жауапты қызметін атап өтті. Кейін қатысушылар өрт сөндіру бөлімінің аумағына көшеттер отырғызды. Аудандағы ескі өрт сөндіру бекеті көп жылдан бері типтік емес ғимаратта орналасты. Жаңа өрт сөндіру бекеті құрылыс басқармасының тапсырысымен заманауи стандартқа сай екі автокөлікке арнап салынды. Ғимарат - екі қабатты. Мұнда арнайы көлік тұрағы, байланыс пункті, оқыту залы, асхана, жуынатын бөлме, басшылық құрамының арнайы бөлмелері, кезекшілер тынығатын бөлмелер, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, өрт сөндіру жабдықтарын күту постары және құралдар-жабдықтар қоймасы бар. Сондай-ақ өрт сөндіру депосының ғимаратының аумағында бір қызметтік пәтер бар. Жаңа өрт сөндіру бекетінде қызметкерлерді оқытуға және олардың дене шынықтыруына арналған орын бар. Бөлімге жаңа техникалар берілді: 8 және 6 тонналық екі өрт сөндіру камазы, трэкол, авариялық құтқару жұмыстарына шығуға арналған арнайы 2 автокөлік пен құрал-саймандар. Айта кетейік, ауданда төтенше жағдайлар бөлімінің 3, №10 өрт сөндіру бөлімінде 30 қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ аудандағы Тасшағыл ауылынан ангар типтегі 2 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы салынуда.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kyzylkoga-audanynda-ort-sondiru-deposy-ashyldy-1010274](https://yvision.kz/kk/post/kyzylkoga-audanynda-ort-sondiru-deposy-ashyldy-1010274)