---
title: "Садыр Жапаров: Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік"
description: "Елдер арасындағы сауда, инвестиция және инфрақұрылымдық жобалар: жаңа мүмкіндіктер мен экономикалық өсу перспективалары"
author: "akorda"
published: "2025-08-22T09:39:50+00:00"
modified: "2025-08-22T09:39:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kyrgyz-kazak-yntymaktastygy-birlesken-zhobalar-men-ekonomikalyk-damu-1016559"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kyrgyz-kazak-yntymaktastygy-birlesken-zhobalar-men-ekonomikalyk-damu-1016559/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Садыр Жапаров: Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік

> Елдер арасындағы сауда, инвестиция және инфрақұрылымдық жобалар: жаңа мүмкіндіктер мен экономикалық өсу перспективалары

Президент Садыр Жапаров Бішкек төріндегі бүгінгі келіссөздердің қорытындысы нәтижелі болғанына назар аударды

Оның айтуынша, елдеріміздің арасында өзара сауда-cаттықтың жандануына, инвестиция тартуға және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайтуға оң септігін тигізетін қолайлы саяси ынтымақтастық қалыптасқан.

> – Қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасындағы индустриялық сауда-логистикалық кешенінің құрылысы, Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау үшін көтерме сауда-тарату орталығын ашу, «Алматы – Ыстықкөл» автокөлік жолын салу секілді бірлескен жобаларға айрықша мән берілді. Біз сауда көлемін ұлғайту, өзара сауда-cаттықтағы тауарлар номенклатурасын кеңейту және бизнеске қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқыладық, – деді Қырғыз елінің басшысы.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kyrgyz-kazak-yntymaktastygy-birlesken-zhobalar-men-ekonomikalyk-damu-1016559](https://yvision.kz/kk/post/kyrgyz-kazak-yntymaktastygy-birlesken-zhobalar-men-ekonomikalyk-damu-1016559)