---
title: "Квоталар бойынша биржалық саудалар өсуде"
description: "«Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларына квоталардың биржалық сауд..."
author: "ecogovkz"
published: "2014-07-14T04:43:51+00:00"
modified: "2014-07-14T04:43:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kvotalar-boyynsha-birzhaly-saudalar-sude-421240"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kvotalar-boyynsha-birzhaly-saudalar-sude-421240/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Квоталар бойынша биржалық саудалар өсуде

> «Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларына квоталардың биржалық сауд...

«Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларына квоталардың биржалық саудасы аса белсенді фазаға көшкенін хабарлайды.

Әділет министрлігінде 2014 жылдың 1 сәуірінде 92/86 нөмірі бойынша тіркелген ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің 2014жылғы 27 ақпандағы №69-Ө бұйрығымен ҚР Қоршаған орта және су ресурстары Министрінің 11 мамыр 2012 жылғы № 151-п Бұйрығымен бекітілген парниктік газдар шығарындыларына және көміртегі бірліктеріне квоталар саудасы Ережесіне, оның ішінде квоталар бірліктерінің әрекет етуі мен орналастыру мерзімдерін ұзарту бөлігіне өзгертулер енгізді.

Квота бірліктері айналымының мерзімін 2014 жылдың 8 тамызына дейін ұзартуға байланысты кәсіпорындар – табиғат пайдаланушылар парниктік газдар шығарындылары бойынша сауда операцияларын жүргізеді.

«Каспий» «Сауда Биржасы» АҚ-ның берген ақпараттарына сай барлығы 8 мәміле жасалған. Саудаға 9 компания қатысқан. Биржалық мәміленің жалпы көлемі СО2 134 130 тоннасын құрды, СО2 тоннасына квотаның орта бағасы 374 теңге деңгейінде қалыптасты.

[http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/07/105-11/](http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/07/105-11/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kvotalar-boyynsha-birzhaly-saudalar-sude-421240](https://yvision.kz/kk/post/kvotalar-boyynsha-birzhaly-saudalar-sude-421240)