---
title: "Квазимемлекеттік сектордағы құқықтық оқыту"
description: "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының бас..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-07-22T04:10:33+00:00"
modified: "2015-07-22T04:10:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kvazimemlekettik-sektorda-y-y-ty-o-ytu-523802"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kvazimemlekettik-sektorda-y-y-ty-o-ytu-523802/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Квазимемлекеттік сектордағы құқықтық оқыту

> Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының бас...

![Квазимемлекеттік сектордағы құқықтық оқыту](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/Kg41IgWv5863OjfU7QVCm3Itl5Yx52.jpg)

Қазақстан Республикасының 2015**-**2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының басты міндеттерінің бірі квазимемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау болып табылады. Осы бағытта 2015 жылдың 21 шілдесі күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс**-**қимыл агентігінің БҚО бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» РМК БҚО филиалымен бірлесіп, «Ұлт жоспары – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы, Қазақстан Республикасының 2015**-**2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының басты мақсаттары мен міндеттерін және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар**-**кеңеске Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс**-**қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев қатысып, тақырып бойынша түсінік берді.

Сонымен қатар, қатысушыларға видеороликтер көрсетіліп, сауалнама толтырылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kvazimemlekettik-sektorda-y-y-ty-o-ytu-523802](https://yvision.kz/kk/post/kvazimemlekettik-sektorda-y-y-ty-o-ytu-523802)