---
title: "Кукушкин келесі кезеңге өтті"
description: "Астана қаласында теннистен өтіп жатқан «Президент кубогында» жерлесіміз Михаил Кукушкин келесі кез..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-07-24T00:48:33+00:00"
modified: "2013-07-24T00:48:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kukushkin-kelesi-keze-ge-tti-364938"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kukushkin-kelesi-keze-ge-tti-364938/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кукушкин келесі кезеңге өтті

> Астана қаласында теннистен өтіп жатқан «Президент кубогында» жерлесіміз Михаил Кукушкин келесі кез...

![Кукушкин келесі кезеңге өтті](http://massaget.kz/userdata/news/news_12169/thumb_b/photo.jpg)

Астана қаласында теннистен өтіп жатқан «Президент кубогында» жерлесіміз Михаил Кукушкин келесі кезеңге өтті. Ол Словакиядан келген теннисші Адриан Сикорды ( 7:5; 7:6; 7:2;) жеңді. Михаил Кукушкиннің келесі кезеңдегі қарсыласы аустралиялық Дейн Проподжи болады. Дейн алғашқы кезеңде еліміздің атынан сынға түскен Алексей Нестеровты қапы қалдырды. Екі сетке созылған ойындағы есеп 6:3; 6:1 есебімен аустралиялық теннисшінің пайдасына шешілді. Ерлер арасында жарыстың басты жүлдесіне үміткер Израильден келгенДуди Села тағы бір жерлесіміз Денис Евсеевты жарыс жолынан шығарды. Есеп 6:1; 6:2. Әйелдер арасында әлемдік рейтінгідегі көрсеткіші жоғары португалдық Мария Жоао Кохлер де келесі кезеңге сүрінбей өтті. Ол Тайландтан келген Нуднид Луаннды екі сет қорытындысы бойынша 6:1; 6:2 есебімен жеңді. Естеріңізге сала кетсек, теннистен [«Президент кубогы»](http://massaget.kz/sport/12139) 22 шілде күні басталған болатын. Жарыс 28 шілде күні өз мәресіне жетеді. Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kukushkin-kelesi-keze-ge-tti-364938](https://yvision.kz/kk/post/kukushkin-kelesi-keze-ge-tti-364938)