---
title: "КСРО ыдырап жатқан жылы Қырғызстанда қылмыс жасаған..."
description: "30 жылдан астам уақыт бойы сот төрелігінен жасырынып келген ер адам Павлодарда ұсталды. Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаровтың хабарлауынша, өңірдің жедел уәкілдері жалпы іздеуде жүрген 11 адамның орналасқан..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-04-27T04:58:26+00:00"
modified: "2024-04-27T04:58:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ksro-ydyrap-zhat-an-zhyly-yr-yzstanda-ylmys-zhasa-an-adam-pavlodarda-endi-staldy-1004052"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ksro-ydyrap-zhat-an-zhyly-yr-yzstanda-ylmys-zhasa-an-adam-pavlodarda-endi-staldy-1004052/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# КСРО ыдырап жатқан жылы Қырғызстанда қылмыс жасаған...

> 30 жылдан астам уақыт бойы сот төрелігінен жасырынып келген ер адам Павлодарда ұсталды. Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаровтың хабарлауынша, өңірдің жедел уәкілдері жалпы іздеуде жүрген 11 адамның орналасқан...

*30 жылдан астам уақыт бойы сот төрелігінен жасырынып келген ер адам Павлодарда ұсталды.* ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/947af98701375e0bdd3dda1ea2ad3e.jpg) Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаровтың хабарлауынша, өңірдің жедел уәкілдері жалпы іздеуде жүрген 11 адамның орналасқан жерін анықтаған.

"1991 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысының аумағында зорлық жасаған ер адам облыс орталығында ұсталды", – дейді Балғабай Қапаров.

33 жыл бойы ұстатпай келген күдікті жасаған қылмыстың басқа мән-жайы айтылмай отыр.

Polisia.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ksro-ydyrap-zhat-an-zhyly-yr-yzstanda-ylmys-zhasa-an-adam-pavlodarda-endi-staldy-1004052](https://yvision.kz/kk/post/ksro-ydyrap-zhat-an-zhyly-yr-yzstanda-ylmys-zhasa-an-adam-pavlodarda-endi-staldy-1004052)