---
title: "«Крокустан» көптеген адамды аман алып шыққан бала..."
description: "Қанды қырғын болып жатқан «Крокус Сити Холдан» 100-ден аса адамды аман алып шыққан 15 жасар Ислам Халилов Ресей мұсылмандарының «За заслуги» («Еңбегі үшін») төсбелгісімен марапатталатын болды. Марапатты 29 наурызда жұма намазы алдында Ресей..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-25T11:57:30+00:00"
modified: "2024-03-25T11:57:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/krokustan-k-ptegen-adamdy-aman-alyp-shy-an-bala-marapattalatyn-boldy-1002612"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/krokustan-k-ptegen-adamdy-aman-alyp-shy-an-bala-marapattalatyn-boldy-1002612/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Крокустан» көптеген адамды аман алып шыққан бала...

> Қанды қырғын болып жатқан «Крокус Сити Холдан» 100-ден аса адамды аман алып шыққан 15 жасар Ислам Халилов Ресей мұсылмандарының «За заслуги» («Еңбегі үшін») төсбелгісімен марапатталатын болды. Марапатты 29 наурызда жұма намазы алдында Ресей...

Қанды қырғын болып жатқан «Крокус Сити Холдан» 100-ден аса адамды аман алып шыққан 15 жасар Ислам Халилов Ресей мұсылмандарының «За заслуги» («Еңбегі үшін») төсбелгісімен марапатталатын болды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/197b95919fe637760f4eb9fdac4c66.png)

Марапатты 29 наурызда жұма намазы алдында Ресей мұсылмандары діни басқармасының басшысы, мүфти Равиль Гайнутдин тапсырмақ.

Қырғызстаннан барған отбасының баласы Ислам Халилов Красногордағы «Крокус Сити Холдың» гардеробында жұмыс істеген. Лаңкестік әрекет болған күні ол 100-ден аса адамды концерт залынан алып шыққан. Жасөспірім ол кезде төтенше жағдайға арналған нұсқаулық бойынша әрекет еткенін айтады. Ислам тығырыққа тіреліп, қайда қашарын білмей тұрған көпшілікке жол бастап, қызметтік есікті ашқан.

Бұған дейін рэпер Моргенштерн оқушының отбасына миллион рубль жібергенін айтқан еді.

Ислам – «Спартак» футбол командасының жанкүйері. Оның жасаған әрекеті туралы естіген клубтағылар жасөспірімді футболшылармен кездесуге шақырып, жергілікті жерде өтетін матчтарға абонемент сыйлады.

centralasian.org

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/krokustan-k-ptegen-adamdy-aman-alyp-shy-an-bala-marapattalatyn-boldy-1002612](https://yvision.kz/kk/post/krokustan-k-ptegen-adamdy-aman-alyp-shy-an-bala-marapattalatyn-boldy-1002612)