---
title: "«Крокус сити холлдағы» теракт: қаза тапқандар саны..."
description: "Соңғы мәлімет бойынша, Мәскеудегі «Крокус сити холл» концерт залында болған терактіден 60-тан аса адам қаза тауып, 100-ден аса адам жараланған. Лаңкестік әрекет былай басталыпты: Жұрт аталған концерт залына «Пикник» тобының концертін көруге..."
author: "orazali"
published: "2024-03-23T04:19:39+00:00"
modified: "2024-03-23T04:19:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/krokus-siti-hollda-y-terakt-aza-tap-andar-sany-60-tan-asty-1002557"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/krokus-siti-hollda-y-terakt-aza-tap-andar-sany-60-tan-asty-1002557/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Крокус сити холлдағы» теракт: қаза тапқандар саны...

> Соңғы мәлімет бойынша, Мәскеудегі «Крокус сити холл» концерт залында болған терактіден 60-тан аса адам қаза тауып, 100-ден аса адам жараланған. Лаңкестік әрекет былай басталыпты: Жұрт аталған концерт залына «Пикник» тобының концертін көруге...

Соңғы мәлімет бойынша, Мәскеудегі «Крокус сити холл» концерт залында болған терактіден 60-тан аса адам қаза тауып, 100-ден аса адам жараланған.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/6fd5cf26fd18eed97e73dd7f84036b.jpg)

Лаңкестік әрекет былай басталыпты:

Жұрт аталған концерт залына «Пикник» тобының концертін көруге жиналған. Кеш басталар алдында залға камуфляж киген бірнеше адам кіріп келеді де, автоматтан жан-жаққа оқ жаудырады.

Осы атыстан кейін өрт шыққан. Қызыл жалын 13 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Ғимараттың төбесі опырылып түскен. Артынан арнайы жасақ концерт залына басып кіреді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/krokus-siti-hollda-y-terakt-aza-tap-andar-sany-60-tan-asty-1002557](https://yvision.kz/kk/post/krokus-siti-hollda-y-terakt-aza-tap-andar-sany-60-tan-asty-1002557)