---
title: "«Крокус Сити холлдағы» теракт: 40 адам қаза тапқаны..."
description: "Мәскеу түбінде орналасқан Красногор қаласындағы «Крокус Сити холл» ғимаратында белгісіз біреулер атыс ұйымдастырды. Қазір адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды. Фото: Reuters Ресей Тергеу комитетінің Бас тергеу..."
author: "jan.123"
published: "2024-03-22T20:36:35+00:00"
modified: "2024-03-22T20:36:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/krokus-siti-hollda-y-terakt-40-adam-aza-tap-any-aytyldy-1002550"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/krokus-siti-hollda-y-terakt-40-adam-aza-tap-any-aytyldy-1002550/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Крокус Сити холлдағы» теракт: 40 адам қаза тапқаны...

> Мәскеу түбінде орналасқан Красногор қаласындағы «Крокус Сити холл» ғимаратында белгісіз біреулер атыс ұйымдастырды. Қазір адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды. Фото: Reuters Ресей Тергеу комитетінің Бас тергеу...

Мәскеу түбінде орналасқан Красногор қаласындағы «Крокус Сити холл» ғимаратында белгісіз біреулер атыс ұйымдастырды. Қазір адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/7e4c3fe9da346bb4db2c6cc9288ef7.jpg)

Фото: Reuters

Ресей Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы Мәскеу облысындағы терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Федералды қауіпсіздік қызметі лаңкестік әрекет салдарынан 40 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланғанын хабарлады.

«Белгісіз біреулер «Крокус Сити холл» ғимаратына оқ жаудырды. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр», - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, оқ автоматтан атылуы мүмкін. Белгілі болғандай, бұл кезде «Пикник» тобының концерті болып жатқан.

kaz.inform.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/krokus-siti-hollda-y-terakt-40-adam-aza-tap-any-aytyldy-1002550](https://yvision.kz/kk/post/krokus-siti-hollda-y-terakt-40-adam-aza-tap-any-aytyldy-1002550)