---
title: "Криштиану Роналду футбол әлемімен қашан қош айтысатынын мәлім етті"
description: "Әлемнің үздік футболшыларының бірі Криштиану Роналду неше жаста спорттағы мансабын аяқтағысы келе..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-09-08T02:29:58+00:00"
modified: "2014-09-08T02:29:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/krishtianu-ronaldu-futbol-lemimen-ashan-osh-aytysatynyn-m-lim-etti-428565"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/krishtianu-ronaldu-futbol-lemimen-ashan-osh-aytysatynyn-m-lim-etti-428565/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Криштиану Роналду футбол әлемімен қашан қош айтысатынын мәлім етті

> Әлемнің үздік футболшыларының бірі Криштиану Роналду неше жаста спорттағы мансабын аяқтағысы келе...

[!\[Криштиану Роналду футбол әлемімен қашан қош айтысатынын мәлім етті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/09/20140623215345-1-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/09/20140623215345-1.jpg)

Әлемнің үздік футболшыларының бірі Криштиану Роналду неше жаста спорттағы мансабын аяқтағысы келетінін айтты, деп хабарлады мадридтік «Реал» сайтына сілтеме жасай отырып «Спорт-Экспресс».

«Қуатым барда, ойнай беремін деп айтуыма болар еді, алайда өзім шамамен 35-36 жасқа дейін ойнаймын деп жоспарлаудамын», — деді Роналд — Әрине, ол жасқа жеткенде, пікірім өзгеруі де мүмкін». Роналду мансабын қай клубта аяқтайтынын нақ басып айта алмады. «Білмеймін, бұл әзірге белгісіз», — деді ол. Еске сала кетейік, Криштиану Роналду «Алтын доптың» екі дүркін иегері және соққан голдарының саны бойынша Португалия құрамасының рекордшысы.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/krishtianu-ronaldu-futbol-lemimen-ashan-osh-aytysatynyn-m-lim-etti-428565](https://yvision.kz/kk/post/krishtianu-ronaldu-futbol-lemimen-ashan-osh-aytysatynyn-m-lim-etti-428565)