---
title: "«Крендель» ЖШС кәсіпорнына көшпелі мобильді ЖБДО"
description: "«Крендель» ЖШС кәсіпорнына көшпелі мобильді ЖБДО Бүгін Жастарға қызмет көрсету орталығының қызметкер..."
author: "CRMI"
published: "2015-08-05T22:06:46+00:00"
modified: "2015-08-05T22:06:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/krendel-zhshs-k-sipornyna-k-shpeli-mobildi-zhbdo-527272"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/krendel-zhshs-k-sipornyna-k-shpeli-mobildi-zhbdo-527272/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Крендель» ЖШС кәсіпорнына көшпелі мобильді ЖБДО

> «Крендель» ЖШС кәсіпорнына көшпелі мобильді ЖБДО Бүгін Жастарға қызмет көрсету орталығының қызметкер...

**«Крендель»** **ЖШС к****әсіпорнына** **көшпелі мобильді ЖБДО**

Бүгін Жастарға қызмет көрсету орталығының қызметкерлері тұрмыстық бағдарлама және кәсіпкерлік қызмет бойынша түсінік беру мақсатымен «Крендель» ЖШС кәсіпорнына аттанды.

Сондай-ақ, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-нің негізгі бөлімдері мен бағыттары жайында сөз қозғалды.

Кездесу үстінде қызметкерлерге Жастарға қызмет көрсету орталығының қызметі жайында үлестірме материал, қолжетімді баспана бойынша кітапшалар ұсынылды. Инспекторлар Ломов көшесі 38 мекенжайына қызметкерлерді толық және түсінерлік ақпарат алу, сонымен қоса бағдарлама жөнінде талқылау және кейінгі ынтымақтастық жайында әңгімелесу үшін шақырды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/krendel-zhshs-k-sipornyna-k-shpeli-mobildi-zhbdo-527272](https://yvision.kz/kk/post/krendel-zhshs-k-sipornyna-k-shpeli-mobildi-zhbdo-527272)